АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күрес жөніндегі Төтенше Жоспары (ПЕПФАР)

ПЕПФАР деген не?

АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күрес жөніндегі Төтенше Жоспары (ПЕПФАР) АҚШ Үкіметінің АИТВ/ЖИТС пандемиясын бақылау жөніндегі жаһандық бастамасы болып табылады. Бұл –  бір мемлекеттің белгілі бір ауру түрімен күрес негізінде алған ең ауқымды міндеттемесі.  АҚШ Үкіметі соңғы он жыл ішінде АИТВ/ЖИТС-пен күрес бағдарламаларының шеңберінде АИТВ/ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес Жаһандық қорына, сонымен қатар туберкулезге байланысты екіжақты бағдарламаларға 70 миллиардтан астам АҚШ долларын бөлді. Келешек ұрпақтың ЖИТС-тан еркін өмір сүруі мақсатында ПЕПФАР әртүрлі мүдделі тараптармен, соның ішінде серіктес мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, азаматтық қоғаммен,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен және жеке/қоғамдық секторлармен тығыз қызмет етуде.

АИТВ және ЖИТС-тың Қазақстан Республикасында таралуы

Шығыс Европа мен Орталық Азия аймағы АИТВ-ның өсуі жалғасып жатқан әлемдегі екі аймақтың бірі болып табылады. Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін 18, 627 адам тіркелген. Халықтың маңызды топтары арасында сынақтама өткізу аумағының жеткіліксіздігі салдарынан АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың нақты саны айтарлықтай жоғары. ПЕПФАР Қазақстандағы өзінің мақсатты аймақтарда (Өскемен облысы және Павлодар облысы) ЮНЭЙДС 90/90/90 мақсаттарына жету үшін Қазақстан Үкіметімен, көп тарапты серіктестерімен, азаматтық қоғам ұйымдарымен және басқа да даму жөніндегі серіктестермен белсенді қызмет етіп, өзінің негізгі қызметтерін масштабты түрде көрсетуді жалғастырады.