Саясат және тарих

АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ МАҚСАТЫНДА АҚШ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ «25 ЖЫЛ БІРГЕ» КАМПАНИЯСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ  

Қазақстандағы АҚШ елшілігі АҚШ пен Қазақстан арасында қарым-қатынас орнаудың 25 жылдығын тойлау жөніндегі кампания басталғаны туралы ізгі құрметпен жариялайды.  Мыңдаған қазақстандықтар мен американдықтар 25 жылдан астам құрған достыққа ерекше көңіл бөле отырып, кампания үш негізгі тақырыпқа: инновациялар, достық пен әріптестікке бағытталады.

Инновацияларда 25 жыл бірге

  • Тех.әйелдер: АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Тех. Әйелдер» бағдарламасына қатысқан ғылым, технологиялар, білім және математика (STEM) саласындағы халықаралық көшбасшы-әйелдер делегациясы наурызда Астана мен Алматыға келеді. Делегация әйелдердің жоғары технологиялардағы рөлін жоғарылату мақсатында жаңашылдармен, кәсіпкерлермен, білім ұйымдарымен кездеседі.
  • ТехФорум: Жас кәсіпкерлер мен насихаттаушыларға көмектесу және технологияларды, оларға көмек бере алатын инновациялық әдістерді үйрету мақсатында Алматыда үш табысты Тех.Форум өткеннен кейін, алғашқы мұндай іс-шара маусымда Астанада өтеді.
  • Maker Space: АҚШ миссиясы “Maker Spaces”деп аталатын ғылыми-техникалық зертханаларға, 3D – принтерлерді қоса алғанда, жоғары технологиялық жабдықты пайдаланумен жаңа құзыреттіліктерді оқу үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін Алматы, Астана мен Өскемендегі Америка бұрыштарындағы объектілерге қолдау көрсетеді. Бұдан басқа, мұндай қызметтермен қамтылмаған жерлерде тұратын адамдар осы мүмкіндіктермен пайдалану үшін Алматыда  “Mobile Maker Space” іске қосылады.
  • “Love to Code” техникалық туры: АҚШ миссиясы “Love to Code” қазақстандық ұйымға, кейбір Америкалық бұрыштарда студенттерге шифрлеу дағдыларын үйретуге қолдау көрсетеді.
  • Құрама Штаттардағы Бизнес тренинг:  АҚШ кәсіпорындарында Тағылымдама арқылы Оқытуға бағытталған АҚШ Коммерция департаментінің Мамандандырылған бағдарламасының (SABIT)  25 жылдығы шеңберінде 14 қазақстандық маман «Стартаптағы бизнес дағдылары мен менеджмент» бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барады.

Достықта 25 жыл бірге

  • Боксшылар бірлестігінің Мұхаммед Әли орталығымен тәжірибе алмасуы:Қазақстан боксшылары мен жаттықтырушылары Америка әріптестерімен кездесу және әлеуметтік-бағытталған бағдарламалар бойынша озат тәжірибені талқылау үшін АҚШ-қа барады. Мұхаммед Әли орталығы Кентукки штатындағы, туған қаласы  Али – Луисвилде бағдарлама ұйымдастырады.
  • Музыка және би: “Алмасу”  – Америка  акапелло музыкалық тобы жергілікті әртістермен қызмет істейді, жастарды тартады және наурыздың аяғында, сәуірдің басында Астанада, Қызылорда мен Алматыда өнер көрсетеді. Одан кейін Астанада, Алматы мен Шымкентте “Island Moving Ballet Company” америкалық труппаның және «Самұрық» қазақстандық қазіргі заманғы би ансамбілінің бірлескен концерттері өтеді.
  •  Қазақстандағы бродвей: Aмерикандық хореограф Пол Эмерсон жергілікті әртістермен  жұмыс істеу және Бродвей стилінде мюзикл  қою үшін Астанаға оралады.
  • Ағылшын тілін оқыту жөніндегі ұлттық конференция: Өскеменде өтетін  Қазақстан ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының жыл сайынғы конференциясын өткізуге Құрама Штаттар қолдау көрсетеді, онда жаңа идеяларды талқылау және осы саладағы сарапшылармен әрекет ету үшін еліміздің жүздеген мұғалімдері жиналады.
  • Қазақстан-АҚШ фестивалі: тамыз айында Алматыда өтеді, фестивальдің бағдарламасына әңгімелер, музыка, фильмдер мен мәдениет кіреді, оларды Америка Бейбітшілік Корпусының бұрынғы волонтерлерін және АҚШ Үкіметі демеушілік еткен  алмасу бағдарламаларының қазақстандық оқу бітірушілерін қоса алғанда, біздің халықтарымыздың арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуға көмектескен американдықтар мен қазақстандықтар ұсынады. Іс-шара халық үшін ашық болады.
  • АҚШ-Қазақстан фильмдерінің фестивалі: екінші АҚШ-Қазақстан фильм фестивалі.
  • Ұлттық орфографиялық конкурс: Ағылшын тілін оқыту арқылы жеткен байланыстарды көрсету, бүкіл Қазақстандағы 11 Америкалық бұрыш күзде өтетін ұлттық орфографиялық сайысқа қолдау көрсетеді.
  • Жаһандық деңсауылық сақтау: АҚШ ауруларды бақылау және болдырмау орталығы Қазақстанда Жаһандық деңсауылық қәуіпсіздік бағдарламаны басталады. Бұл бағдарлама жұқпалы аурулардың таратуын болдырмау, аңықтау және қарсы әрекеттерді алу жөніндегі көп-тарапты бастама.

Әріптестікте 25 жыл бірге

  • Қарым-қатынастарды орнату: АҚШ миссиясы, алғашқы күннен бастап біздің елдердің алдынан шыққан сын-қатерлерді пленарлы талқылауды, АҚШ-тың Бірінші елшісі Билл Кортнидің қатысуымен өткізеді.
  • Елшілердің көзімен: Қазақстандағы АҚШ-тың бұрынғы елшілері әңгімелеп берген АҚШ пен Қазақстан арасындағы өзара қатынастар туралы бейне-тарих  көктемде жарық көреді.• Өңірлік ынтымақтастықтың ультра-марафоны: Өңірлік сауданы көтеруге және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару, американдық ультра-марафоншы Дин Карназес Самарқандтан Шымкентке дейін Тараз арқылы Бішкекке дейін жүгіреді және маусым айында Алматыда аяқтайды.
  • 6-шы Орталық Азия Сауда Форумы:  тәуелсіздік алған Орталық Азия бес мемлекетінің кәсіпкерлері мен үкімет өкілдерінің, сондай-ақ барлық өңірлерден келген бизнесмендердің және үкімет басшыларының  қатысуымен Алматыда USAID Орталық Азия сауда форумы өтеді.
  • Әріптестік конференциясы: Бұл іс-шараға екі тарап үкіметінің басшылары қатысады, АҚШ пен Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктерін талқылау, сондай-ақ алдымыздағы 25 жылдағы әріптестер жетістіктерін болжау жөнінде пленарлық отырыстар өтеді.

Іс-шара жыл ішінде #USKZ25 нақтыланады