АҚШ президенті

President Donald J. Trump
Дональд. Дж. Трамп ­- америкалық табыс хикаясының жарқын үлгісі. Ол өмір бойы бизнес пен кәсіпкерлік шеберліктің стандарттарын орнатып келеді, бұл әсіресе оның қызығатын жылжымайтын мүлік, спорт және ойын-сауық салаларында көрініс тапқан. Осы сияқты саясат пен мемлекеттік қызметке келуі де оның алғаш қатысқан Президент сайлауындағы таңғажайып жеңісімен аяқталды.

Уортон қаржы мектебін тәмамдаған соң, Трамп мырза әкесінің жолын қуып, құрылыспен айналысты. Осылайша ол Нью-Йорктегі құрылыс саласының әлеміне келген болатын. Трамп қолтаңбасы Манхэттендегі, кейін бүкіл әлемдегі ең беделді үйлердің синонимына айналды. Трамп мырза табысты автор ретінде он төрт бестселлер жазып шықты, оның алғашқы «Мәміле жасау өнері» туындысы жылдың 1-ші нөмірлі кітабы болуымен қатар, бизнес-әдебиет классикасына жатқызылды.

Трамп мырза өзінің үміткерлігі жөнінде 2015 жылдың 16 маусымында жариялады, 17 республикалық үміткер өз науқанын тоқтатқаннан кейін, ол 2016 жылдың шідесінде АҚШ Президентінің қызметіне республикалықтар атынан үміткерлігін ұсынды. Трамп мырза 2016 жылдың 8 қарашасында сайлауда жеңіске жетіп, ең үлкен сайлаушылар алқасында соңғы 28 жылдағы республикалықтардың айқын басымдығын көрсетті. Ол елдегі 2600 округте жеңіске жетті, көбісінде бұл 1984 жылғы Президент Рейганнан кейінгі алғаш жеңіс болатын. Сондай-ақ ол бүкілхалықтық сайлауда 62 миллион дауысқа ие болып, республикалықтардың ең жоғары нәтижесіне қол жеткізді. Сонымен қатар 306 сайлау даусын жинады, көбісінде бұл Х.У.Буштың 1988 жылғы жеңісінен кейін алғаш қайталанды. Миллиондаған америкалықтар оның елді қайта құру мен статус-квоны жою жөніндегі үндеуін назарға алды, бұл нағыз ұлттық жеңіс әрі тарихи қозғалыс болды.

Дональд Дж. Трамп республикалықтар үшін жеңіске жету қиынға соққан Флинтте, Мичиганда, Кливленд ішкі қаласындағы чартер мектептерінде, Флоридадағы испан шіркеулерінде өз науқандарын жүргізді, өйткені ол экономикалық мүмкіндіктер туралы жолдауын барлық америкалықтарға жеткізгісі келді. Трамп мырзаның жақсырақ сауда мәмілелері арқылы өрлеуге деген ынтасының арқасында миллиондаған жаңа республикалықтар оған сенімін артты, нәтижесінде ол жаңа «қызыл» аймақтарда айтарлықтай көрсеткішке жетті. Президент Трамптың жеңісі барлық қоғам топтарына жататын америкалықтардың басын қосты, ол енді қызмет еткен әр күн сайын өз ұлты үшін осындай нәтижелер көрсетуге дайын.

Президент Трамп әйелі Меланиямен он екі жыл бұрын отбасын құрған, олардың Баррон атты ұлы бар. Трамп мырзаның одан басқа төрт ересек баласы бар: кіші Дон, Иванка, Эрик және Тиффани; олардан сегіз немересі бар.

Биографиялық дереккөз: whitehouse.gov