АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы

Secretary of State Mike PompeoМайк Помпео 2018 жылдың 26 сәуірінде АҚШ мемлекеттік хатшысы ретінде ант берді. Оған дейін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, 2018 жылдың сәуір айына дейін Орталық Барлау Басқармасының директоры қызметін атқарған.

Трамп әкімшілігіне қосылғанға дейін, Помпео мырза Канзас штаты 4-ші округінің конгрессмені қызметінде төртінші мерзімін атқару барысында болатын. Ол Өкілдер палатасының Барлау комитетінде, сонымен қатар Энергетика және сауда комитеті және Өкілдер палатасының сайлау комитетінде жұмыс істеді.

Конгрестегі қызметін бастамас бұрын Помпео мырза Thayer Aerospace компаниясының негізін қалап, он жылдан астам бас директоры болған. Кейін ол мұнай өндіру жабдықтарын жасау, тарату және сервистік қызмет көрсету жөніндегі Sentry International компаниясының президенті лауазымын атқарған.

Помпео мырза 1986 жылы Вест-Пойнтта орналасқан Америка Құрама Штаттары Әскери академиясын үздік түлектердің бірі болып бітіріп, Берлин қабырғасы құлағанға дейін Темір шымылдықты күзеткен кавалериялық офицер шенінде қызмет етті. Cонымен қатар, ол АҚШ армиясы төртінші жаяу әскерлер дивизиясының 7-ші кавалериясының 2-ші эскадрильясында қызмет еткен.

Әскери қызметтен кеткеннен кейін, Помпео мырза Harvard Law Review журналының редакторы бола тұрып, Гарвард университетінің заң факультетін бітірді.

Помпео мырза 1963 жылы 30 желтоқсанда Калифорния штатының Орандж қаласында дүниеге келген. Жұбайы Сара Помпео екеуінің Ник есімді баласы бар.