АҚШ вице-президенті

Vice President Mike PenceМайкл Р. Пенс Индиана штатындағы Колумбус қаласында 1959 жылы 7 маусымда Эдвард және Нэнси Пенстің отбасында туған және жанұядағы алты баланың бірі болған. Ол жасынан америкалық арманның тікелей куәгері болып өсті. Атасы 17 жасында АҚШ-қа көшкеннен кейін, Мидвесте тұрған. Ол ата-анасының отбасын, бизнесті және абыройды қалай құрғанын көрді. Индианадағы кішкентай қалада дүкен бизнесін табысты жүргізген оларды өзіне үлгі етті. Ерен еңбектің, адалдықтың және отбасының маңыздылығына үлкен сеніммен тәрбиеленген болатын.

1981 жылы вице-президент Пенс Ганновер колледжіне түсіп, тарих ғылымының бакалавры дәрежесіне ие болды. Ол мұнда өзінің христиан дініне деген сенімін жаңғыртты және оны өмірінің қозғаушы күші деп есептейді. Кейінірек ол Индиана университетінің Заң мектебінде оқиды және өмірінің басты махаббаты екінші ханым Карен Пенсті кездестіреді.

Оқуды бітіргеннен кейін вице-президент Пенс заңмен шұғылданды, Индиана штатының саясат зерттеу қорын басқарды және Майк Пенс шоуын жүргізе бастады, бұл Индианадағы қоғамдық өмірді қозғайтын радио ток-шоу әрі апталық телевизиялық бағдарлама болатын. Сонымен қатар ол Майк, Шарлотта және Одри атты үш баланың әкесі атанды.

Индианада ашық-жарқын әрі еңбекқор жергілікті тұрғындар арасында өскен вице-президент Пенс өзіне соншалық көп нәрсе берген елі мен туған жеріне көп үлес қосу керектігін жадынан шығармады. 2000 жылы ол Конгрестегі орын үшін сәтті өтініш жасап, 40 жасында АҚШ өкілдер палатасына алынады.

Орталық-Шығыс Индиана халқы Конгресте оларға уәкілеттік ету үшін вице-президент Пенсті алты рет сайлады. Капитолийде ол өзін шектеулі өкімет, қаржы жауапкершілігі, білім алу мүмкіндіктері мен АҚШ Конституциясы чемпионы ретінде көрсетті. Оның қызметтестері оның көшбасшылық қабілетін тез арада мойындап, Республикалықтар палатасының зерттеу комитетінің және Республикалықтар палатасы конференциясының төрағасы етіп сайлады. Вице-президент өз қызметінде өкіметті қысқартты әрі тиімді етті, шығындарды азайтты, мемлекеттік жергілікті өкіметтердің уәкілеттіктерін арттырды.

2013 жылы жерлестері вице-президент Пенсті Индиананың 50-ші губернаторы етіп сайлаған кезде, ол астананы тастап кетеді. Ол Индиана штатының өкіметіне аталған шектеулі басқару мен төмен салық философиясын әкеледі. Губернатор ретінде ол штаттың бәсекеге қабілеттігін арттырып, жаңа инвесторлар тартып және жаңа жоғары жалақылы жұмыс орындарын ашу үшін жеке табыс салығын, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты және корпоративтік салықты төмендету арқылы Индиана штаты тарихында табыс салығын ең көп азайтты. Жұмыс орындарын ашумен байланысты тынымсыз еңбегінің арқасында, төрт жыл ішінде штаттың жұмыссыздық деңгейі жартылай төмендеп, қызмет мерзімінің соңында индианалықтар штаттың 200 жылдық тарихында бұрын-соңды болмаған жұмыспен қамту көрсеткішіне ие болды.

Индиана штатының губернаторы ретінде вице-президент Пенс мектептердің қаржыландырылуын арттырды, мектептер таңдау мүмкіндігін кеңейтті және Индиана тарихында алғаш рет штат тарапынан қаржыландырылатын балабақша жасына дейінгі балаларға арналған мекемелер жоспарын жасады. Ол әр орта мектепте мансап пен техникалық білімді басымдық ретінде белгіледі. Вице-президент Пенс басқарған «Американың жол торабы» деген атпен белгілі Индиана штаттағы жолдар мен көпірлер құрылысына 800 миллион доллар салды. Салықтың рекордтық төмендеуіне және жолдар мен мектептерге салынған инвестицияға қарамастан, штат өзінің қаржы жауапкершілігін сақтады. Себебі вице-президент штатқа үлкен резервтер қалдырған әрі бүкіл елдің қызғанышын тудырған ААА несие рейтингіне ие екі әділ бөлінген бюджетті жүргізуде Индиана бас ассамблеясының мүшелерімен жұмыс істеді.

Индиананың жетістікке жету тарихы, вице-президент Пенстің заң және атқарушы қызмет саласындағы тәжірибесі, мықты отбасылық құндылықтары Президент Дональд Трамптың 2016 жылдың шілдесінде Майк Пенсты серіктес етіп таңдауына түрткі болды. Америка халқы Президент Дональд Трамп пен Вице-президент Пенсті 2016 жылдың 8 қарашасында сайлады. Дональд Трамп және вице-президент Пенс 2017 жылдың 20 қаңтарында өз лауазымына өтті.

Вице-президент Майк Пенс Құдайдың рақымы, жанұясының сүйіспеншілігі мен қолдауы, әр америкалықтың құқығы саналатын еркіндік үшін әлі алғысын айтады. Ол Америка халқымен жұмыс істеуге асығуда, себебі Американы бірге қайта жандандырғысы келеді.

Биографиялық дереккөз: whitehouse.gov