АҚШ пен Орталық Азия бес мемлекетінің сазгерлері бірлескен концерт қояды

12 қазанда Астанадағы «Жастар» сарайында АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекетінің сазгерлері бір сахнада бірлескен концерт қояды. Бұл бірегей жоба Орталық Азия мен АҚШ-тың арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына арналған «Playing together» («Бірге құйқылжытайық») Орталық Азия қалаларын шарлау туры аясында өтеді.

Концерт Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның (оның атынан «Омнибус» музыкалық ансамблінің 6 сазгері өнер көрсетеді) 18 жас сазгерлері және Құрама Штаттардың 3 сазгерінен құралады . Олар Алматы консерваториясында бірге қарқынды жұмыс жасай отырып 5 күн ішінде шығарған туындыларын орындайды. Композициялары қазіргі заманғы және классикалық музыка қоспасын ұсынады, сондай-ақ бес Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттарының музыкалық дәстүрін көрсетеді.

Көрсетілім өз елдерінің музыкалық мұрасы мен заманауи өнер тілін біріктіргісі келетін Орталық Азиядағы талантты жас музыканттар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған «Бірге құйқылжытайық»бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Концерттер барлық бес Орталық Азия елдерінде жоспарланған. Бұл жоба өңірдің гүлденуі үшін платформаға айналып, музыка мен мәдениеттер алмасуының адамдарды жақындастыра алатынына үлгі болмақ.