АҚШ мемлекет хатшысы Джон Керридің Қазақстан Тәуелсіздік күніне орай мәлімдемесі

Хатшысы Керри Мир телеарнасына сұхбат беріп отыр

АҚШ-тың халқы және президенті Барак Обаманың атынан мен Қазақстан халқын 16-желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздігінің 24 жылдығымен  құттықтаймын.

АҚШ 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған бірінші мемлекет,сол күннен бері достығымыз одан әрі нығайып келеді . Ширек ғасырға жуық уақыт кезенінде біз қауіпсіз, тәуелсіз және өркендеген Қазақстанға серіктес болып келеміз.

Биыл Астанаға сапармен барып, қазақстандықтардың рухын және серпінді мәдениетін көру мен үшін үлкен құрмет болды. Президент Назарбаев пен Премьер-министр Масимовпен кездесу және  Сыртқы Істер Министрі Идрисовпен АҚШ-Қазақстан Стратегиялық серіктестігі туралы диалогты  бірлесіп басқару құрметіне ие болдым. Талқылаулар барысында мен Қазақстанның басшыларына жаһандық мәселелердің шешуіндегі, оның ішінде экстремизмге қарсы күрес және ядролық қаруды таратпаудағы, мемлекетіңіздің маңызды рөлі үшін алғысымды білдірдім. Менің Үкіметім Қазақстанның делегациясын 2016 жылдың басында Вашингтонда Стратегиялық серіктестік туралы диалогтың келесі кезеңін өткізуге және институционалдық реформаларды жүзеге асыру жолындағы 100 нақты қадам бағдарламасын іске қосуға қолдау көрсетуді талқылау үшін кездесуге үміттенеді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында мен барша Қазақстан халқына бейбітшілік және аманшылық тілеймін.   Тәуелсіздік күні құтты болсын!