Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың IV форумы өтеді

2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында QazForum іс-шарасы өтеді. Форум қазақ тілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби алаң.  

Жыл сайын Форумда қазақ тілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.
Биыл Форум аясында қазақ тілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған.
Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші  – Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы  – Қазақстан Баспасөз клубы.
Іс-шараға онлайн-БАҚ өкілдерін, блогерлер мен влогерлерді, медиа сарапшыларын қатысуға шақырамыз.
Тіркелу үшін және форум жайлы толығырақ ақпаратты алу үшін  www.fkoc.kz сайтын қараңыз.