Flag

An official website of the United States government

БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Байден мен С5+1 (Орталық Азия-АҚШ) Мемлекеттері Басшыларымен Кездесуі Туралы 
2 Хаттаманы оқу
Қыркүйек 20, 2023

БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Байден мен С5+1 (Орталық Азия-АҚШ) Мемлекеттері Басшыларымен Кездесуі Туралы 

ЖЕДЕЛ ЖАРИЯЛАУ ҮШІН

19 қыркүйек, 2023

БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Байден мен С5+1 (Орталық Азия-АҚШ) Мемлекеттері Басшыларымен Кездесуі Туралы  

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы аясында С5+1 мемлекеттер басшыларының деңгейінде өткен саммитте Президент Байден Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті. Мемлекет басшылары қауіпсіздік, сауда және инвестиция, аймақтық өзара байланыс, барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қажеттілігі және мемлекеттік басқару мен заң үстемдігін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалармен қоса бірқатар мәселелерді талқылады. Президент Байден Орталық Азия елдерінің егемендігін, тұрақтылығын және өркендеуін одан әрі нығайту, сонымен қатар С5+1 серіктестігі арқылы адам құқықтарын ілгерілету үшін елдеріміз қалай бірлесіп жұмыс істей алатыны туралы әріптестерінің көзқарасын құптады. Президент Байден аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі серіктестік үшін әріптестеріне алғыс айтып, шекара қауіпсіздігі, терроризммен күрес, құқық қорғау қызметіне байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға деген міндеттемесін жеткізді. Америка Құрама Штаттары С5+1 дипломатиялық платформасын толықтыратын жеке сектордың бизнес алаңын құру арқылы АҚШ саудасы мен жеке сектор инвестициясы үшін неғұрлым қолайлы бизнес орта құру маңыздылығын талқылады және USAID қазан айында Орталық Азияда инклюзивті, тұрақты экономикалық дамудың нақты әрекеттерін талқылау үшін С5+1 Аймақтық министрлік конференциясын ұйымдастыратынын атап өтті.

Президент Байден елдеріміздің болашақ энергетикалық ландшафтын қолдай алатын тұрақты және қауіпсіз жеткізу тізбегіне ие болу үшін ынтымақтасу қажет екенін  біледі, сондықтан Америка Құрама Штаттары Орталық Азияның орасан зор минерал қорларын игеру мен маңызды пайдалы қазбалар мәселелерінде қауіпсіздікті арттыру үшін маңызды қазбалар бойынша С5+1 диалогын бастауды ұсынды. Бұл талпыныс —  аймақтық экономикалық интеграция мен тұрақтылыққа ықпал ететін, жаһандық инфрақұрылым мен инвестициялық серіктестік арқылы Транскаспий сауда жолын (“Орта дәліз” деп аталады) инвестициялау мен дамыту үшін АҚШ-тың үздіксіз қолдауының бір бөлігі. Қорытындылай келе, президент Байден азаматтық қоғамды және әйелдердің экономикалық мүмкіндігін кеңейту жұмыстарын одан әрі қолдауды құптап, жаңа С5+1 барлық салада мүмкіндігі шектеулі жандар  құқығының өзектілігіне басымдық берді.