2022 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның мамандары Орталық Азия далалық эпидемиология оқу бағдарламасын (FETP) тәмамдады

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) дайындаған FETP бағдарламасы Орталық Азияда 2003 жылдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Жаңа түлектер FETP бағдарламасын аяқтаған Орталық Азиялық 147 түлектің, яғни аймақтың ауруларға қарсы күрес элитасы саналатын мамандар тобына қосылды. Бағдарламаны аяқтау салтанатына әр елдің денсаулық сақтау саласындағы ұйым жетекшілері қатысып, сол арқылы денсаулық сақтау саласының дипломатиялық қатынастың дамуындағы маңызын көрсетті.

Шарада CDC-дің Қазақстандағы өкілдік басшысы Др. Дэниел Сингер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары др. Ахметова Зәуре, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары др. Арықбаева Бубужан, Өзбек Республикасы Санитарлық-эпидемиологиялық салауат және қоғамдық денсаулық агенттігі басшысының орынбасары др. Курбанов Ботиржон сөз сөйледі.

Кеңейтілген FETP бағдарламасы – екі жылдық интенсив оқу бағдарламасы. Оның барысында мамандар ауруларды анықтау шараларына қатысып, сол саладағы жұмысты басқаруды, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуді үйренді.

Түлектер бағдарлама кезінде жазып шыққан 37 зерттеу жұмысы екпе, COVID-19, туберкулез, С гепатиті, су арқылы тарайтын аурулар, ВИЧ сияқты қоғамдық денсаулық саласының ең өзекті тақырыптарына, сондай-ақ инфекция тарауының алдын алып, бақылауға арналды. Зерттеу нәтижелері конференцияларда таныстырылып, 15 беделді халықаралық медициналық журналдарда жарияланды. Осылайша, инфекциялық аурулар қаупіне қарсы күрестің жақандық маңызы бар құралға айналды.

Білікті далалық эпидемиологтар қатарын көбейту – денсаулық сақтау жүйелерін күшейтіп, қоғамдық денсаулықтын нығайтудың, әрі адам өмірін сақтаудың бірден-бір жолы.