Сабақтар 100 қыздың қатысуымен онлайн форматта өтеді
Нұр-сұлтан, 17 наурыз – «Maker Camp for Girls» STEAM лагері бесінші жыл қатарынан өтіп келе жатқан географиялық қамту ауқымын кеңейтіп, Орталық Азияның барлық елдерінен 15-18 жас аралығындағы қыздарды қабылдайды. Онлайн сабақтар 1 сәуірде басталып, төрт аптаға созылады. Бағдарлама «Шеврон» компаниясы және АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігімен серіктестікте жүзеге асырылады.
«Maker Camp for Girls» – жоғары сынып қыздарына арналған STEAM лагерь. Оқу барысында қатысушылар әлеуметтік маңызды мәселелерді шеше отырып, бағдарламалауды үйренеді. 2018 жылдан бүгінгі таңға дейін лагерьде бүкіл Қазақстаннан 300-ден астам қатысушы оқытылды.
Лагердің мақсаты – қыздарды нақты ғылымдар бойынша қарқынды практикалық сабақтардың көмегімен шабыттандыру және ынталандыру, бағдарламалауда практикалық дағдылар алу, сондай-ақ технология саласында өз идеяларын іске асыру.
Төрт апта ішінде қыздар бағдарламалау, веб-сайт жасау туралы негізгі білімді тегін ала алады, сонымен қатар Python бағдарламалау тілін үйренеді. Шақырылған сарапшылар жобалармен жұмыс, нақты ғылымдардағы креативтіліктің рөлі және кәсіби болашақта пайдалы болатын коммуникация дағдылары туралы дәрістер өткізеді.
Қыздар тапсырмаларды тиімді шешу үшін чатботтың мүмкіндіктерін пайдаланады және күнделікті өмірге қатысты жергілікті мәселелерді шешетін жобаларды дайындайды.
Онлайн-лагерьге қатысу үшін 2022 жылдың 25 наурызына дейін онлайн-тіркелу формасын сілтеме бойынша толтыру қажет: http://webanketa.com/forms/6ct3gchp6mqk0csg70wk6e9k/. Бағдарлама туралы ақпаратты https://makercamp.kz сайтында немесе @Makercampkz Instagram парақшасынан табуға болады.
Maker Сamp for Girls бағдарламасы алғаш рет 2017 жылы Алматыда АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылды.
Бағдарлама түлектері халықаралық ұйымдардың еріктілері болып табылады, бағдарламалау және робототехника бойынша түрлі конкурстарға қатысады, IT және STEM-ді дамыту мақсатымен өз үлестерін қосады және өз үлгісімен басқа қыздар үшін мүмкіндіктерді арттырады.