
Баспасөз мәлімдемесі
Майкл Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы
19 наурыз 2020 жыл
Мен президент Трампқа қосыламын және бүкіл әлемде Наурыз мерекесін атап өтуді дәстүр еткен барлық халыққа денсаулық және бақыт тілеймін.
Көктемнің келуімен біз сұраған тілектерімізді есімізге аламыз. Наурыз – бұл достарыңыз бен туған-туыстарыңыздың арасында тілек тілеп, дастархан жайып, ортақ тамақ бөлісетін уақыт.
Өкінішке орай, биыл біз әлеуметтік қашықтықты сақтап, мүмкіндігімізше сақ болуымыз жөн, себебі коронавирус дерті көптеген елдерге, соның ішінде Наурызды тойлайтын елдерге де әсерін тигізді.
Бұл індеттің салдары Иранда адам өліміне себепші болғанын біліп, мұңайдық. Әрбір сауығып кеткендер үшін қуанамыз және Иран халқы, жылпы бүкіл әлемнің халқы осы індеттің таралуын тоқтата алады деп біз де үміттенеміз. Осы қиын-қыстау кезеңдегі Иран халқына гуманитарлық және медициналық көмек көрсетуді әлі де ұсынамыз.
Наурыз қайта жаңаруды білдіретін болғандықтан, биылғы жыл барлығымыз үшін денсаулық, үміт және жаңару алдындағы міндеттемелерімізді жаңадан қарастыруға мүмкіндік берсін!
Наурыз – құтты болсын!