АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы: ЭКСПО-2017 арналған сөзі.

Сәлеметсіз бе,

Мен Рекс Тиллерсон, мемлекеттік хатшысымын. Америка Құрама Штаттары Қазақстанда соңғы 25 жыл ішінде құрған берік қарым-қатынасты  сіздермен мерекелеуге қуаныштымын.  ЭКСПО-2017 және осы жазда Астанада  өтіп жатқан басқа да көптеген іс-шаралар иесі болып табылатын президент Назарбаев пен Қазақстан халқына өз алғысымымды білдіремін. Біздің АҚШ павильонымызға сіздердің уақыт тауып келулеріңізге үміттенемін. Қазақстан жаһандық энергетикалық экономикада маңызды көшбасшы болып табылады. Теңгіз және Қашаған мұнай кен орындарын игеру Қазақстан үшін және Америка Құрама Штаттары үшін тарихи болды. Олар, келешек ондаған жылдар бойына біздің қарым-қатынасымыздың негізгі стратегиялық элементтері болып қалады. Қазақстан ядролық қаруды таратпау мәселесіне маңызды үлес қосты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына серіктес ретінде және ядролық қаруды  таратпау іс-шараларында  бар әлемге үлгі ретінде, өз елінің ядролық арсеналын жою туралы батыл шешім қабылдады. Америка Құрама Штаттары Ирак пен Ауғанстанда жүргізіліп отырылған қауіпсіздік күш-шараларына Қазақстанның қолдау көрсетіп отырғанын жоғары бағалайды. Біздің Ирак және Левант Ислам Мемлекетін (ISIS) жеңуде бірігіп жұмыс істеуіміз және сондай-ақ біздің стратегиялық әріптестігіміз жалғасуда. Ал енді, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі серіктестері ретінде, біз тұрақтылық пен әлемдік бейбітшілік орнату мақсатында бірігіп жұмыс істеуімізге тіпті одан да көп мүмкіндіктер бар. Соңғы 25 жылдың ішінде Қазақстан әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйені демократия жолымен жүзеге асыру және адам құқықтарын құрметтеу мақсатымен, өзінің алдына үлкен міндеттер қойған еді. Біз Қазақстанның реформа жуйесін жалғастыруын және демократия мұраттарына адалдығ ын, діни төзімділік пен еркін сөз саясатын.