Flag

An official website of the United States government

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Шыңжаң автономиялық аймағында адам құқықтары дағдарысынан зардап шеккен этникалық
қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесуі
2 Хаттаманы оқу
Ақпан 3, 2020

Secretary Pompeo’s Meeting with Family Members of Ethnic Kazakhs Affected by the Human Rights Crisis in Xinjiang Uighur Autonomous Region of China

Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео жексенбі күні Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы лагерлерде немесе түрмелерде қамалып отырған этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесті. Бұл адамдардың туған-туыстары – 2017 жылдың сәуір айынан бастап, ҚХР лагерлерде ұстап отырған  миллионнан астам этникалық қазақтардың, ұйғырлардың және басқа да мұсылман азшылық топтарының арасында.

Мемлекеттік хатшы: «Америка Құрама Штаттары Сіздердің жағдайларыңызды және Шыңжыңдағы кең етек алған репрессия мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды,»-деді. Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысқандарға батылдық танытып, өздеріне және отбасыларына қауіп төнгеннің өзінде,  әңгімелерімен бөліскендері үшін алғыс білдірді.

Бұл адамдар Шынжаңдағы түрмеде отырған, не болмаса басқа жағдайда ұсталған, немесе өздері ашық түрде сөйлей алмайтын миллиондаған немесе одан да көп құрбандарға үндеу береді. Олар еркін түрде әрекет жасай алмайтын, өз дінінің ең негізгі дәстүрлерін де қолдана алмай жүрген адамдардың атынан сөйледі. Шыңжаңдағы қиянат, бақылау шаралары, мұсылман үйлерін аңдып отырған ҚХР шенеуніктерімен мәжбүрлі түрде «үйде тұруы», жыныстық зорлық-зомбылық пен өлім жағдайлары Мемлекеттік департаменттің Қытайдағы адам құқықтары туралы 2018 жылғы есебінде егжей-тегжейлі жазылған

Біз Қытай үкіметін осы адамдардың туған-туыстарын және әділетсіз қамауға алынған барлық адамдарды дереу босатуға және оның жүйелі бақылауы мен репрессия бағдарламасын тоқтатуға шақырамыз.