Семейді қауіпсіздігін қамтамасыз ету: ядролық қару мұрасы, таратпау мұрасы
Биыл үш маңызды белестің 30 жылдығы: 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды, 1991 жылы 12 желтоқсанда Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасы құрылды және 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды. АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту агенттігі «Семейді қауіпсіздігін қамтамасыз ету: ядролық қару мұрасы, таратпау мұрасы» атты жыл сайынғы ақпараттық науқан аясында бұрынғы полигонның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмысымыздың тарихы туралы баяндайды.
Семей қаласының қауіпсіздігі – Кіріспе, I бөлім: Ядролық қарудың мұрасы
АҚШ Қауіп-қатерді азайту агенттігінің қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері Қазақстанға келіп, Агенттіктің 30 жылдан бергі атқарған жұмысының жемісі туралы баяндайды.
Олар бағдарламаның тарихына куә болған сарапшылармен сұхбаттасып, бүгінгі Семей полигоны жайлы бейнефильм түсіріп қайтты.
АҚШ Қауіп-қатерді азайту агенттігінің Қауіп-қатерді бірлесіп азайту жөніндегі бағдарламасы серіктес елдермен бірге жаппай қырып-жою қаруының таралуын болдырмау және химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қауіптерді жою жолында жұмыс