АҚШ күштерінің Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары қолбасшысы Астанаға қауіпсіздік серіктестігін талқылауға келді

АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Жозеф Л. Вотел Астанаға бірінші іссапарымен келді. Мамырдың 14-і мен 15-і аралығында Вотел Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қолдау және басқа да мәселерге қатысты АҚШ пен Қазақстанның серіктестігін талқылау ниетімен Қазақстан үкіметінің жоғары басшылығымен кездеседі. Аймақтық қауіпсіздікті ңығайту, сонымен қоса Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша АҚШ пен Қазақстан бірлесе күш салу міндеттемелерін қабылдағанын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп қаңтар айындағы кездесуінде тағы да растады. АҚШ пен Қазақстан қауіпсіздікті  қамтамасыз ету ыңтымақтастығы офицерлерге арналған бірлескен әскері треннингтерді, әскери қызметкерлердің бірлескен жаттығуларын, сонымен қоса жаппай қырып-жою қаруының таралуын шектеуге қатысты 25 жылдан астам бірлескен сәтті серіктестікті қамтиды.