Flag

An official website of the United States government

Орталық Азия стартаптары жетістікке жету жолында
2 Хаттаманы оқу
Қазан 6, 2020

Setting Up Central Asian Startups For Success

 

6 қазан 2020, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бүгін АҚШ үкіметі өзінің Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы «Орталық Азия: зор мүмкіндіктер аймағы» атты жаңа бастаманың іске қосылғанын жариялады. Бағдарламаны USAID-тің кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жобасының қолдауымен MOST бизнес-инкубаторы жүзеге асырады.

Жоба қолайлы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) экожүйесін қалыптастыру, стартаптарға қаржы тарту, кәсіпкерлерге тәлімгерлік көмек, сонымен қатар онлайн және оффлайн іс-шаралар өткізу арқылы Орталық Азиядағы экономикалық белсендікті арттыруға, сондай-ақ жергілікті компаниялардың АКТ саласындағы әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған.

«Қазақстанды жеке нарық ретінде қарастырар болсақ, ол ірі инвестиция компанияларына үлкен қызығушылық тудырмайды. Ал егер елді Орталық Азия нарығының бір бөлігі ретінде көрсететін болсақ, бұл жаһандық перспективалар әкелуі мүмкін. Көрші елдердіңәлеуетін толық пайдаланбауымыз бөлек мәселе. Күш біріктірсек, аймақтық деңгейде жоғары нәтижелер күтуімізге болады», – деп атап өтті MOST бизнес-инкубаторының жетекшісі Әлім Хамитов.

Осы бастама аясында USAID жас кәсіпкерлерді, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын іске қосады, оның мақсаты бизнестің өсуіне кедергі келтіретін шектеулерді жою, бәсекеге қабілеттілікті нығайту, экономикалық белсенділікті ынталандыру және кірістер мен жұмыспен қамтуды арттыру. USAID сондай-ақ тиімді бизнес-жобаларды құру бойынша Community Leaders Academy (CLA) білім беру бөлімін қамтитын арнайы әзірленген оқу бағдарламасын іске асырады. Білім беру циклі жергілікті және халықаралық сарапшыларды тарту арқылы кәсіпкерлікті қолдау, жастармен және әйелдермен жұмыс істеу жөніндегі жаттықтырушыларға арналған тренингкомпонентін қамтиды.

###

USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы. Қосымша ақпарат USAID Орталық Азия сайтында: https://www.usaid.gov/central-asia-regional  және Facebook парақшада қолжетімді: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia. USAID-тың кәсіпкерлікті және бизнес-ортаны дамыту жөніндегі жобасы туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.facebook.com/FGICentralAsia

###