АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы

АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қолдауға және Қазақстан азаматтарының мүдделері мен еріктерін демеуге құрылған.

Шағын гранттар бағдарламасына қатысуға өтініштерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2019 жыл, 31 қаңтар, сағат 23:59 дейін (Астана уақыты бойынша).

Жобалар төменгі тақырыптардың біреуін қозғауы тиіс:

1-тақырып: Әртүрлілікті, шыдамдылықты, инклюзияны және қақтығысты шешуді алға бастыру

2-тақырып: Үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтасты дамыту (заңның ұлықтылығы, үкімет ашықтығы, ақпаратқа қолжетімдік, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы және т.б.)

3-тақырып: Әйелдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету

4-тақырып: Ортақ қоғамдық мәселелерге инновациялық және тұрақты шешімдерін алға бастыру (инновация, қоғамдық кәсіпкерлік, т.б.)

Барлық тақырыптар бойынша нақты нәтижелерге жетуді көрсететін жобаларға артықшылық беріледі. Тек конференциялар немесе дөңгелек үстелдер мен талқылаулардан тұратын жобаларда қаржыландыру алуға аз мүмкіндігі бар. Және де, барлық көрсеткіштер бірдей жағдайда, Алматы және Астана қалаларында орын алатын жобалардан көрі аумақтарда іске асырылатын жобалар таңдалуға жақын болып келеді.

Бағдарламаға қатысушылар:

  • Бағдарламаға Қазақстан Республикасында тіркелген үкіметтік емес және бейкоммерциялық ұйымдар қатыса алады. Қазақстан Республикасында тіркелмеген ұйымдар, белсенді саяси қызмет атқарып жүрген саяси топтар, коммерциялық және қайырымдылық ұйымдар Бағдарламаға қатыса алмайды.
  • Әрбір үйым теқ қана бір жобалық ұсыныс жасай алады.
  • АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасының гранттарына 2017 – 2018 жылдарs ие болған мекемелер 2019 жылғы Бағдарламаға қатыса алмайды.
  • ***Жаңа талап: Грант алу үшін барлық үйымдар міндетті түрде DUNS (бірегей тоғыз санды сәйкестендірулік номері) нөмерге, соған қоса SAM.gov интернет-сайтында белсенді тіркеуге ие болу керек. Қосымшада Сіз қажетті ақпаратты таба аласыз.

Гранттар төменде көрсетілген мақсаттарды қамти алады:

  • Халықты қоғамдық маңыздылығы зор жобаларға қатыстыруға бағытталған науқандарды өткізу;
  • Әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қолдау көрсету;
  • Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жасау;
  • Жобаға тікелей қатысы бар жалақы мен қаламақыларды, соның ішінде салықты төлеу;
  • Қазақстан бойынша жобаға тікелей қатысы бар іс-сапар шығындарын өтеу;
  • Жобаны іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар мен шығын материалдарды сатып алу;
  • Жобаға тікелей қатысты үшінші тұлғалармен жасалған келісім-шарттар (мысалы: аудармалар, дизайнды жасау, бағалауды өткізу, веб-дизайн, материалдар мен промо өнімдерді бастырып шығару мен жариялау, т.б.);

Құралдар, жалақы және басқа әкімшілік шығындар жоба аясындағы нақты іс-шараға қатысты болса, грант қаражатынан төленуге рұқсат етіледі. Жалақы немесе қаламақы төлем мөлшері бойынша жобаға қатысты уақыттың жұмсалуына сәйкес пайыздық көрсеткішпен айқындалуы тиіс. Шетел мамандарын тартуға байланысты қаламақы мен басқа шығындарды өтеу нақты жағдайға байланысты қарастырылады.

Бағдарлама шеңберінде келесі бағыттардағы іс-шаралар мен шығындар қарастырылмайды:

  • Белгілі бір саяси партияны қолдау немесе мүдделерін сүйемелдеу
  • Діни іс-әрекет/қызмет
  • Тек қана қайырымдылық немесе гуманитарлық қызмет
  • Теорилық зерттеулер
  • Жеке немесе топтық халықаралық сапар гранттары
  • Алкогольдық ішімдіктер, көңіл көтеру, «басқа» шығындар
  • Күрделі құрылыс жобалары

Бір жобаға ең көбі 50 000 (елу мың) АҚШ доллар қаржыландыру беріледі.

Өтініштерді тапсыру рәсімі:

Шағын гранттар бағдарламасына өтініштерді тапсыру бір сатыдан тұрады. Үміткерлер төменде көрсетілген барлық міндетті құжаттарды тапсыруды қамтамасыз ету керек:

  • 6 беттен аспайтын өтініш, (DOC, 2 MB)
  • SF-424 Федералдық көмекті алуға өтініш. Бұл құжатта міндетті түрде DUNS нөмірі болуы тиіс, (PDF, 265KB)
  • SF-424A – бюджет бойынша ақпарат (PDF, 322KB)
  • SF-424B – куәландыру – құрылыстарға қатысты емес бағдарлама үшін (PDF, 115KB)

Өтініштер ағылшын тілінде қабылданады.

Жобалық өтініштер көлемі бойынша 6 (алты) беттен аспауы тиіс. Мәтін басылуы Times New Roman қарібі, мөлшері 12, бірлік аралық қолданумен болуы керек.

Өтініш тапсыру үшін үйымдар міндетті түрде келесі жүйелерде тіркелуі тиіс:

  1. Duns & Bradstreet берген DUNS әрекеттегі нөмері. Егер Сіздің үйымыңызда болмаса, 1-866-705-5711 нөмеріне телефон соғу арқылы немесе http://fedgov.dnb.com/webform/displayHomePage.do;jsessionid=81407B1F03F2BDB123DD47D19158B75F сайтына кіріп алуға болады. DUNS нөмерін алу үшін нұсқаулық мында көрсетілген: https://www.grants.gov/web/grants/applicants/organization-registration/step-1-obtain-duns-number.html табуға болады.
  2. NCAGE коды. Егер сіздің үйымызда CAGE/NCAGE коды болмаса, тіркеуді бастау үшін https://eportal.nspa.nato.int/AC135Public/scage/CageList.aspx барыңыз. NCAGE бойынша көбірек ақпаратты https://eportal.nspa.nato.int/AC135Public/Docs/US%20Instructions%20for%20NSPA%20NCAGE.pdf табуға болады. Егер Сізде NCAGE кодын алу бойынша қыиншылықтар туындаса, NCAGE@dlis.dla.mil хат жазуға болады.
  3. гранттың барлық сатысында ағымдағы ақпаратпен SAM.gov сайтында белсенді тіркеуге ие болу. www.SAM.gov сайтында тіркелу туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы табуға болады:

https://www.grants.gov/web/grants/applicants/organization-registration/step-2-register-with-sam.html және https://eportal.nspa.nato.int/AC135Public/scage/CageList.aspx#show-video-popup

Бұл тіркелудегі ақпарат жыл сайын жаңарып тұруы міндетті екеніне назар аударыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: DUNS нөмірін алу және SAM жүйесінде тіркелу 5-6 апта уақытқа дейін созылуы мүмкін. Бұл шараларды алдын-ала орындауға қөңіл бөлгеніңіз жөн. Егер DUNS нөмірі және/немесе SAM.gov сайтында белсенді тіркеу болмаса, Сіздің өтінішіңіз қарастырылмайды.

Қабылданатын өтініштер төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • Ұсынылған жобаны іске асыруға керекті ұйымның мүмкіндіктерін сипаттау;
  • Шешілетін әлеуметтік мәселені қысқа да нұсқа және негізделген түрде сипаттау;
  • Мақсатты аудиторияны анықтау;
  • Айрықша, өлшемді, қол жетімді және уақытында орындалатын мақсаттары мен міндеттерін көрсету,
  • Жобаның мақсаттарын орындауға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын сипаттау;
  • Дәстүрлі және әлеуметтік БАҚ арқылы ауқымды аудитория мен қоғам назарларын аударуға нәтижелі медиа мен ақпараттық жоспарын баяндау;
  • Көрсетілген мерзімде жоспарланған шаралардың жүзеге асырылуы және мақсаттарына жетуі ықтимал екенін дәлелдеп сипаттау;
  • АҚШ долларымен есептелген нақты және орынды бюджетті қамту. Шығындар жоба іс-шараларына байланысты болуы тиіс. Бюджет өз және/немесе бөтен меншікті қаржыландыруды қамтыса, оны көрсету керек.

Өтініштің құрылысы және мазмұны:

Өтініш түрі төменде көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес болуы тиіс. Толық емес немесе басқа түрде берілген өтініштер қарастырылмайды.

Бағдарлама бойынша қаржыландыру шектеулі болғандықтан барлық ұсыныстарды қаржыландыру мүмкін емес.

Тұжырымдама-құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 11 наурыз, сағат 23:59 дейін, 2018 жыл (Астана уақыты бойынша).

  1. Байланыс ақпараты: Ұйым атауы, DUNS нөмірі, БСН және жоба өтінішін дауындауға жауапты тұлғаның аты-жөні, оның лауазымы, байналыс мәліметтері – мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды поштасы.
  2. Ұйым жөнінде ақпарат: Мемлекеттік емес ұйымды таныстыру. Ұйымның тұрақтылығы. Осыдан бұрын АҚШ Елшілігінен алынған гранттар болса көрсетіңіз. Ұқсас жобаларды іске асыру бойынша тәжірибесі.
  3. Жобаның атауы.
  4. Жобаның негіздемесі; Ұсынылған жоба кімге пайдалы? Жобаның болжамды қатысушылары және олардың саны мен жас аралықтарын сипаттаңыз. Неге жоба көрсетілген нақты облысқа/ауданға кажет? Мәліметтерді жарияланымға шығаратын жобалар мақсатты аудиторияны, мазмұнды, таратылу тәсілдерін сипаттамасын қосуы тиіс. Жоба шеңберіндегі семинарлар мақсатты аудитория, мәліметтер мазмұны және орындалу мерзімі бойынша ақпаратты бейнелеу керек.
  5. Мақсаттар мен міндеттер; Қандай айрықша, өлшемді, қол жетімді және уақытында орындалатын мақсаттар мен міндеттер стратегиялық құндылыққа әкеледі.
  6. Орындау жоспары: Міндеттер мен мақсаттарға жетуге қандай іс-шаралар ұйымдастырылады? Мемлекеттік және/немесе жеке секторынан, сонымен қатар, азаматтық қоғамнан қандай серіктестер қатыстырылатын болады? Ауқымды аудитория мен қоғам назарларын аударуға бағытталған қандай медиа және ақпараттық жоспар болады? Жоба орын алатын қала/ауыл тізімін көрсетіңіз.
  7. Жобаны орындау мерзімі; Жобаның басталатын және аяқталатын уақыты.
  8. Жоба мониторингі және бағалау: Табысты жобаның бір бөлігі болып келеді. Бәрі жоспарға сәйкес орындалуын куәлендіру үшін жоба әрекетшілдігіне байқау қалай өтетін болады? Гранттың мақсаттарына жетуін көрсету үшін бағалау қалай өтетін болады?
  9. Жоба нәтижелері. Қандай нәтижелерге жетуге ниеттенесіз? Қоғамқа қандай әсер әкеледі?
  10. Тұрақтылық. Қаржыландыру аяқталғаннан кейін нәтижені жалғастыру жолдары.
  11. Жете бюджет. Бюджетті АҚШ долларымен кесте түрінде, өтініш нысанында белгіленген санаттарына бөліп көрсетіңіз. Меншікті қосымша қаржыландыру міндетті емес. Дегенмен, Ұйым ерікті түрде меншікті үлесін қоса алады. Меншікті қаржыландырудың болмауы жобаны бағалауға әсер етпейді. Егер ұйым жобаға меншікті үлесін қосатын болса, қосымша қаражатты қамтамасыз етуге және шығындарды растауға жауапкершілікте болады.

Бюджет сипаттамасы. Бюджетіңізді мәтінмен сипаттаңыз. Қызметкерлер міндеттерін, баптардың/модераторлардың/сарапшылардың және жоба мүшелерінің аттарын, іс-сапарлар шығынының құрамын айқындаңыз (мысалы:адамдар саны, 1 адам басына тұру құны, т.с.с.)

  1. Өтініш берген күн.

Бағалау өлшемі: Барлық өтініштер Бағдарлама Комитетімен төменде көрсетілген белгілермен бағаланатын болады:

  • Осы нұсқаулыққа сәйкестік және міндетті құрамалардың болуы
  • Нақты белгіленген мақсаттар мен мақсатты аудитория
  • Жоба мақсаттарын орындауға бағытталған іс-шаралар жоспары
  • Нақты, толық және жүйелі бюджет
  • Жобаның тұрақтылығы
  • Бағалау және нәтиже

Жобаларды қаржыландыру қаражаттың болуына байланысты үлестіріледі. Қаржыландыру түрі: Гранттық келісім немесе Ынтымақтастық туралы келісім. Ынтымақтастық туралы келісім Гранттық келісімнен АҚШ Елшілігінің жобаның орындалуына көб қатысуымен ерекшеленеді.

Қосымша түрдегі таныстырылым (питч): 3 минутты таныстырылымда жобаңызды және неге АҚШ Елшілігі оны қолдау керек екенің бейнелеңіз. Бұлтты тасымалдаушыға сілтемені электронды хатта көрсетіңіз.

Өтініш тапсыру тәртібі:

  • өтініш 2019 жыл 31 қаңтар сағат 23:59 дейін (Астана уақыты бойынша) SGP-Kazakhstan@state.gov электронды поштаға жіберілуі тиіс. Хаттың тақарыбында ұйымның атауын көрсетіңіз (SAM.gov сайтында тіркелген атаумен сәйкес)
  • Факс, пошта немесе делдал арқылы жіберілген өтініштер қабылданбайды.
  • Өтініш түрі жоғарыда жазылғал нұсқаулыққа сәйкес болуы тиіс. Толық құжаттарсыз тапсырылған өтініштер қарастырылмайды.

Шағын гранттар бағдарламасы бойынша барлық сұрақтарыңыз бойынша Астанадағы +7 7172 702217 және +7 7172 702456 және Алматыда +7 727 250 48 70 телефон нөмірі арқылы немесе SGP-Kazakhstan@state.gov  электронды поштаға хат жіберу арқылы хабарласуға болады.