Қазақ тілінде “апай” деген сөз екі адамға да (тәте, әпке) бірдей айтылады. Шынымен де, апайым (тәтем) маған туған әпкем сияқты. Арамыз бірнеше жас қана. Қал-жағдайды біліп-тұру үшін жиі хабарласып тұратын әдетіміз бар.
2017 жылы ҚХР билігі ұйғырлар мен қазақтарды өз ауылдарынан алып кете бастады. Неге екенін білмеймін. Менің тәтем лагерде үш ай болды. Үш айдан кейін ол түрмеге ауыстырылды. Ол кезде бұл туралы ешкім білмейтін. Осыдан бірнеше ай бұрын бір туысқанымнан оның сотталғанын естідім. Ешқандай себепсіз, ешқандай кінәратсыз. Биыл қаңтардан бастап мен осында – Қазақстанда өтініштер мен шағымдарды бере бастадым. Интернетте сұхбат бердім және бейнелер жүктедім. Келесі айда жергілікті билік оның күйеуіне телефон соқты. Мен енді шағымданбауым үшін олар оған менімен хабарлассын деп айтқан.
Сөйтсе күйеуі әйелімен не болғанын білмеген болып шықты. Тіпті ойына да келмеген ғой.. Олар оны шақырған кезде ғана, әйелінің Құлжадағы әйелдер түрмесінде отырғанын білді. Ол он үш жылға сотталды.
Не себепті істі болғанын білмеймін. Себебін дінге байланысты дейді, мүмкін имамға барған болар. Бірақ ол шынайы діндар мұсылман емес-ті. Намазға жығылмайтын. Оның күйеуін лагерьге жібермеген. Неге екенін білмеймін. Ол қызына қамқор болсын деп тиіспеген болар мәлкім. Бірақ әйелін неге түрмеге жапты? Менің тәтем үй шаруасындағы адам. Оның білімі де жоқ. Ол қарапайым адам еді.
—Ш.Б., 27 жас (тәтесінің есімі Г.З,)
Сұхбат 2019 жылдың мамырында алынды