Бағдарлама кеңсесі: Қоғаммен байланыс бөлімі, Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі
Қаржыландыру мүмкіндігінің атауы: Медиа жобаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар бағдарламасы
Хабарлама түрі: Грант немесе Ынтымақтастық туралы келісім
Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірі: DOS-KAZ-NS-AEECA-22-005
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 29 Мамыр, 2022 ж., 18:00 дейін ұсынылуы қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен)
CFDA нөмірі: 19.900 – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға көмек
Жоғарғы грант сомасы: $40,000
Төменгі грант сомасы: $10,000
Жобаны орындау мерзімі: 14 айға дейін
Болжауланған бағдарламаның басталу күні: 30 Шілде, 2022 ж.
Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанның журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру және қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту жөніндегі ниеттеріне қолдау көрсетеді. Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Қазақстан Үкіметінің қазақстандық журналистердің кәсібилігін одан әрі дамытуға және олардың жергілікті журналистік контентті сапалы жасау дағдыларын кеңейтуге ұмтылысын қолдайды.
АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстандағы БАҚ ортасын жақсарту бойынша жергілікті бастамалардың кең спектрін қолдайды. Соңғы төрт жылда АҚШ миссиясы журналистік зерттеулерді дамыту, қазақтілді БАҚ-ты қолдау, БАҚ-тың қаржылық тұрақтылығын арттыру, өңірлік журналистерді оқыту және т.б., жалпы алғанда 40-тан астам шағын гранттарға қолдау көрсетті.
Алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, АҚШ Елшілігі қазақстандық медиа-нарықты нығайтуға бағытталған гранттарға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Ұсыныстар келесі тақырыптардың біріне бағытталуы керек:
Тақырып 1: Жалған жаңалықтар мен жалған ақпаратқа қарсы тұру.
Тақырып 2: Кәсіби журналистиканың нормативтерін насихаттау, атап айтқанда фактілерді тексеру, ақпаратты растау және фактілік есеп беру, әсіресе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тыс өңірлерде.
Тақырып 3: Жаңалықтарды жинауға немесе бөлісу тақырыбында инновациялық тәсілдерді, әсіресе жас аудитория арасында насихаттау.
Тақырып 4: Сапалы есеп беру, этикалық және объективті журналистиканы дамыту мақсатында өзара тәжірибе алмасуды және мамандардың жергілікті желілерін қолдау.
Барлық тақырыптар бойынша нақты, өлшенетін нәтиже беретін жобаларға басымдық берілетін болады. Тек конференциялар немесе дөңгелек үстелдер, теориялық зерттеулер немесе сауалнамалар, кітап жазу немесе жариялаумен шектелетін жобаларды қаржыландыру қарастырылмайтын болады.
Толық ақпарат пен өтініш формаларын келесі сілтеме арқылы алуға болады: DOS-KAZ-NS-AEECA-22-005.