АҚШ Елшілігі бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған Шағын гранттар бағдарламасы бойынша ұсыныстардың қабылдануын хабарлайды

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанға журналистиканың кәсіби деңгейін көтеру және жергілікті БАҚ-тың мазмұнын жетілдіру мақсатында қолдау көрсетеді. Осыған байланысты АҚШ Елшілігі Қазақстандық БАҚ нарығының деңгейін көтеруге бағытталған гранттарға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстандық ұйымдардың өтінімдері мен ұсыныстары төмендегі тақырыптардың бірін немесе бірнешеуін қарастыратын идеяларға бағытталуы керек:

  • Медиа және сандық сауаттылық.
  • Әсіресе жастар арасында ақпаратты жинау немесе тарату бойынша инновациялық тәсілдер.
  • Сандық медиа-технологияларын әзірлеу және енгізу.
  • Кәсіби журналистиканың нормативтерін насихаттау, атап айтқанда фактілерді тексеру, ақпараттарды растау және фактілік есеп беру.
  • Табыстың баламалы көздерін қоса алғанда, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылық тұрақтылығы.

Барлық тақырыптар бойынша нақты, өлшенетін және бағалануға жататын нәтижелерді іздейтін жобаларға артықшылық берілетін болады.

Шектелген есептік сома: 30000 АҚШ долларын құрайды

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2018 жылдың 5 мамыр, 23 сағат 59 минуттан кешіктірмей ұсынылуы қажет (Астана ұақытымен)

Қосымша ақпарат пен өтініш формасын сілтемесі арқылы алуға болады