АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының Қоғамдық дипломатия бөлімі жыл сайынғы Шағын гранттар бағдарламасы арқылы берілетін қаржыландыруға ұсыныстарды қабылдау ашық екенін қуана хабарлайды. Бұл бағдарлама қазақстандық бейкоммерциялық, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен қауымдастықтарға, бейкоммерциялық азаматтық қоғам ұйымдарына (АҚҰ) және жергілікті тәуелсіз БАҚ ұйымдарына шағын гранттар беру арқылы Қазақстандағы демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның дамуына қолдау көрсетеді. Елдің түрлі аймақтарындағы тәжірибені қамту үшін үміткерлер Астана немесе Алматы қалаларынан тыс жерде орналасқан басқа ҮЕҰ-мен бірлесіп, ұсыныс беруге шақырылады.
Алғышарт:
АҚШ дипломатиялық миссиясының Қоғамдық дипломатия бөлімі қазақстандық азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ ұйымдарынан төменде көрсетілген екі бағыттың бірі бойынша грант алу үшін ұсыныстар қабылдауға ашық. Өтінім берушілер өз ұсыныстарын әзірлеу кезінде Қоғамдық дипломатия бөлімінің төмендегі мақсат-міндеттеріне және мақсатты аудиториясына мұқият назар аударуы керек.
1-ТАҚЫРЫП: Қазақстандық ұйымдардың, ықпал етуші тұлғалар мен қоғамдық пікір көшбасшыларының біріктіруші және ұйымдастырушылық әлеуетін кеңейту және нығайту
Соңғы мәліметтерге сәйкес қазір Қазақстанда 17,000 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қызмет етеді. Үкіметтік емес ұйымдар, ықпал етушілер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшылар жалғыз өздері әрекет еткен жағдайда олардың қызметінің ықпалы мен ауқымы шектеулі болуы мүмкін. Ұсыныстарды қабылдау туралы бұл хабарлама Қазақстандағы тәуелсіз дауыстар мен қолдаушылардың экожүйесін құру жолында еңбек еткен қазақстандық ұйымдастырушыларға, ықпал етушілерге және пікір көшбасшыларына ұйымдастыру мен біріктіру мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесуді көздейді. Қазақстанның аймақтағы саяси көшбасшы ретіндегі рөлі артып келе жатқан уақытта үкіметтік емес ұйымдар, ықпал етушілер мен пікір көшбасшылары өтінім берген ұйымдарға өз тәжірибесі мен саласы бойынша озық болып, Қазақстанда да, аймақта да жетекші дауысқа айналуларына қолдау көрсететін ұсыныстарды беруге шақырылады. Біріктіру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға конференция, дөңгелек үстел мен жүйелі жиындар өткізу, инновациялық онлайн платформа әзірлеу, сарапшылардың тұрақты желісін құру немесе жетістікті өлшей алатын көрсеткіштері бар нәтижелерге қол жеткізетін кез келген тиімді тұжырымдамалар кіреді.
Бағдарламаны әзірлеу барысында ерекше назарда ұстайтын бір жайт – біріктіру әлеуетінің тұрақтылығы мен жалғасуын федералдық қаржыландыру мерзімі аяқталған соң да қамтамасыз ету. Сонымен қатар ұйымдастыру шаралары аймақтағы экологиялық проблемаларды, мәдени және этникалық айырмашылықтарды, татуластыру мен медиация тәртібімен реттеуді қоса алғанда, баршаға ортақ мәселелерді шешу жолындағы ұжымдасып әрекет етуде тиісті тараптарды бірлестіру тұрғысынан да әзірленуі мүмкін. АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Орталық Азияның көпұлтты аймақтарындағы мәселерді шешудің ерекше инновациялық жолдарын іздейді.
Жоба мақсаты: Азаматтық белсенділікті нығайту және Қазақстан азаматтарының мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту мақсатымен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың, ықпал етушілер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының біріктіруші әлеуетін қолдана отырып, мықты демократиялық институттары бар әрі азаматтардың мүдделерін ескеретін неғұрлым берік мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуына жағдай жасау.
Жобаның ықтимал мақсатты аудиториясы: Біріктіруші сарапшы болып табылатын саладағы/мәселедегі/тақырыптағы өзге де сарапшы мамандар, ақырғы бенефициар – барлық азаматтар, оның ішінде әсіресе – көпұлтты аймақтардың тұрғындары.
Жоба міндеттері (Жобалық ұсыныстар осы міндеттердің бірін немесе бірнешеуін көздеуі мүмкін):
- Ресурстармен, тәжірибемен бөлісу мен ортақ алаңдаушылық тудыратын мәселелерді шешу бағытында бірлесіп жұмыс жасау үшін сарапшы мамандар арасында байланыс орнату мен ынтымақтастықты арттыруға жәрдемдесу.
- Жаңадан пайда болған азаматтық қоғам ұйымдарының байланыс орнатудың инновациялық жолдарын дамыту мен осы жолдардың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ортақ міндеттерді ұжымдасып шешуге жетелейтін ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін нығайту.
- Мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеруін арттыру және дауларды медиация арқылы шешуді қоса алғанда, қоғамдық мүдделерді нақты шешімдерді ұсыну негізінде қорғауды ілгерілету мақсатымен жергілікті қоғамдық белсенділердің, сарапшылар мен пікір көшбасшыларының байланыстар орнату мен ортақ мүдде-мақсаты бар қауымдастық қалыптастырудың қажеттілігі мен пайдасы туралы хабардарлығын арттыру.
Мысал ретінде басқа іс-әрекеттермен қатар төмендегі шараларды өткізуге болады:
- Ресурстармен, тәжірибемен алмасуға және ынтымақтастық пен диалогтың одан әрі тұрақты дамуына арналған қолдау кеңістігі мен белсенді хаб ретінде жұмыс жасайтын коммерциялық емес платформаны жобалау және құру.
- Аралас (онлайн/оффлайн) немесе оффлайн форматта бірнеше біріктіру мақсатындағы бастаманы ұйымдастырып, ұйым жүргізіп жатқан диалогты жалғастыру үшін белгілі бір тақырып шеңберінде сарапшылардың басын қосу.
2-ТАҚЫРЫП: Таза энергия саласындағы мүмкіндіктерді арттыру және экономиканы көміртексіздендіру
Қазақстан жаһандық климат дағдарысын еңсеруде, оның ішінде Орталық Азия аймағында таза энергетикалық технологияларды кең көлемде қолдануда маңызды рөл атқарады. Таза технологияларды пайдалануды жеделдету жаһандық тұрақтылық үшін қажетті және бұл Қазақстандағы инновациялардың және экономикалық өсудің драйвері болуы мүмкін. АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстанның таза энергияға көшу жоспарларын және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға азайту ниетін, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету мақсатын қолдайды.
Бұл қаржыландыру мүмкіндігі экономикалық өсуге жағдай жасап, көміртегі шығарындыларын азайту үшін таза энергияны дамытуды қолдайтын және ілгерілететін жобаларға көмектеседі. АҚШ дипломатиялық миссиясы қолжетімді және сенімді таза энергияға қолжетімділікті ұлғайтатын, аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті ілгерілететін және ашық, тиімді және мөлдір энергия нарықтарын құратын жобаларды қолдауға дайын. Білім, ғылым, бизнес және әртүрлі өндіріс саласы мен мемлекеттік мекемелер арасында шығындарды бөлісу немесе басқа формадағы өзара әрекеттесу және ынтымақтасу құпталады және бұл мәселенің неғұрлым тиімді және инновациялық жолмен шешілуіне септігін тигізе алады.
Бұл қаржыландыру мүмкіндігі барлық азаматтарды, оның ішінде ғалымдарды, пікір көшбасшыларын, шенеуніктерді, кәсіпкерлік орта мен өндірістік мекемелерді қатыстырып, елеулі және ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге, атап айтқанда қоғамдық пікірге оң өзгеріс енгізуге және халықтың таза энергия технологиялары туралы білімі мен хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Жоба мақсаты: Қоғамның хабардарлығын ұлғайту мен парниктік газдар мен метан шығарындыларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың қабылдануын арттыру арқылы Қазақстанның экологиялық таза энергия көздеріне көшуіне қолдау көрсетуді күшейту.
Жобаның ықтимал мақсатты аудиториясы:
- Кәсіпкерлер және салалық мамандар.
- Энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы/мал шаруашылығы және қалдықтарды өңдеу салаларының өкілдері; мемлекеттік қызметкерлер.
- Азаматтық қоғам белсенділері мен зерттеушілер.
- Негізгі идеяларды түсіндіріп таратуды ұлғайта алатын БАҚ мамандары мен пікір көшбасшылары.
Жоба міндеттері (Жобалық ұсыныстар осы міндеттердің бірін немесе бірнешеуін көздеуі мүмкін):
- Климат өзгеруінің салдарын жеңілдетудегі таза энергияның рөлі туралы қоғамның түсінігін кеңейту.
- Энергетика мен қоршаған орта мәселелеріне байланысты практикалық шешімдерді әзірлеу үшін азаматтық қоғам мен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында серіктестік қарым-қатынастар орнату.
- Мамандарды қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін көтеру арқылы энергетика секторы өкілдерінің экологиялық таза және жасыл энергетика саласындағы кәсіпкерлік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру.
- Жаңадан қадам басқан мамандарға арналған оқу бағдарламалары мен білім алу мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы таза энергетика саласына тән дағдылар мен біліктіліктерді дамыту.
- Таза энергетиканы дамыту жобаларының экологиялық және экономикалық тұрғыдан өміршеңдігі мен табыстылығын көрсету арқылы оларға деген үкімет пен жергілікті мүдделі тараптардың қолдауын арттыру.
Бұл қаржыландыру аясында төмендегі шаралар рұқсат етілмейді:
- Америка Құрама Штаттарында және оның басқа аумақтарында өтетін іс-шаралар
- Жеке тұлғаларға берілетін шәкіртақылар
- Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ресми емес саяхат/сапарлар
- Партияның саяси қызметіне қатысты жобалар
- Қайырымдылық шаралары немесе дамыту жұмыстары
- Құрылыс жобалары
- Белгілі бір діни қызметтерді қолдайтын жобалар
- Қаражат жинау науқандары
- Арнайы заңнама немесе бағдарламалар үшін лобби жасау
- Ғылыми зерттеулер немесе сауалнамалар жүргізу
- Коммерциялық жобалар
- Өнер немесе мәдениет саласына қатысты жобалар
- Ұйымның өсуіне немесе институционалдық дамуын қолдауға ғана бағытталған жобалар
- Қолданыстағы жобаларды қайталайтын жобалар; немесе
- Заңсыз әрекеттер.
Жобаны іске асыру мерзімі: 12 айға дейін
Қаржыландыру көлемі: $10,000-нан бастап $50,000-ға дейін
Қаржыландыру түрі: «Шет елдерге көмек көрсету туралы» заңына сәйкес Шығыс Еуропаға, Еуразияға және Орталық Азияға көмек
Жобаның ықтимал басталу күні: 1 тамыз 2023 жылы
Өтінім берудің соңғы күні: Барлық өтінімдер 2023 жылғы 16 сәуірден кешіктірілмей (Астана уақыты бойынша сағат 23:59-де) қабылдануы тиіс.
Байланыс ақпараты:
+7 717 270 2217
+7 717 270 2456
+7 727 250 4858
sgp-kazakhstan@state.gov
Грант құжаттары мен қаржыландыру мүмкіндігі туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы жүктеп алыңыз:
- Notice of Funding Opportunity
- Қаржыландыру мүмкіндігі туралы хабарлама
- Уведомление о возможности финансирования
- Attachment 1 – SF424 Form
- Attachment 2 – SF424A Form
- Attachment 3 – Applicant Organization Information Sheet
- Attachment 4 – Proposal Template
- Attachment 5 – ME PMP Template
- Attachment 6 – Small Grants Program Standard Indicators Reference Sheet
- Attachment 7 – Budget Narrative Sample Template