АҚШ Елшілігі жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді

АҚШ Елшілігі Қазақстанның  көптілділік саясатын қолдап, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді.  Сайыс жарыс арқылы  жастар арасында ағылшын тіліне деген қызығушылықты туғызудың қызықты жолы болып табылады. Spelling Bee сайысының аймақтық айналымдары Қазақстанның 11 қаласында өтті. Астанада өтетін республикалық айналымда бақ сынау үшін әртүрлі аймақтардан 33 қатысушы келмек.

Spelling Bee сайысы 90 жылдық тарихы бар америкалық мәдениеттің бір үлкен бөлігі болып табылады.  Сайысқа қатысушылар жүргізуші атаған сөздің әріптерін қатесіз айтып шығуы қажет.

Қазақстандағы республикалық сайыстың бес жеңімпазы ортаазиялық Spelling Bee  жарысында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген жеңімпаздармен додаға түседі. Орталық Азия Spelling Bee айналымы Алматы қаласында 2018-ші жылдың 10-шы наурызында өтеді.

Қазақстанда республикалық Spelling Bee сайысы сенбі күні 17-ші ақпанда, сағат 12:00-де  Қажымұқан көшесі 11 мекен-жайында орналасқан Евразия Ұлттық Университетінің  2-ші қабатында өтеді.