Орталық азиялық Spelling Bee жарысында Қазақстан екі жыл бойы жеңіске жетті

Сулейман Демирел атындағы Университетінің 4 курс студенті Динара Куракбаева ағылшын тілінде approbation сөзін дұрыс айтып, Spelling Bee Орталық азиялық 2018 жылғы жарыста бірінші орын алды. Екінші орынға Қарағандыдан Меруерт Совет ие болды.

Осымен екінші жыл бойы Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстанда және Өзбекстандағы АҚШ-тың елшіліктері Spelling Bee (ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс айту) атты жарысын ұйымдастыруда. Орталық азиялық 2018 жылғы Spelling Bee жарысы Алматыдағы American Space шығармашылық кеңістікте өтті. 2017 жылғы жарыс Душанбе қаласындағы American Space-те ұйымдастырылған. Бүгінгі жарыстың жиырма қатысушылары екі кезең- қалалық және ұлттық іріктеуден өткен болатын. 2017 жылы желтоқсан мен 2018 жылы қаңтар айларында қалалық және ұлттық деңгейіндегі іріктеулер өтті. Жарыстың мақсаты – ағылшын тілін дамыту және аймақтық деңгейде білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсету.

Қазақстан үшін жаңа Spelling Bee жарысы американдық мәдениетінің үлкен бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, 90 жылдан астам тарихы бар, осы жарысқа бүкіл АҚШ бойынша мектеп оқушылары қатысады. Қатысушылардың мақсаты – сахнада тұрып, жетекші атаған сөзді әріптеп дұрыс айту. Жарыстың күрделілігі көптеген ағылшын сөздерің айтылуы жазылуынан басқаша болуында.

Жарыста сөздерді айтатын, Алматыдағы АҚШ Бас консулы Марк Муди, былай өз ойын білдірді: «Spelling Bee жарысының Америка Құрама Штаттарында ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Біздің көпшілік осы жарысқа қатысып өскен болатын. Бүгінгі күні барлық қатысушылардың ағылшын тіл деңгейлері мені өте таңдандырды. Осы жарыста екі жыл бойы қазақстандық студенті жеңімпаз атанғанына мен өте қуаныштымын. Бұл жарыс тілдерді білуді жетелеп ғана емес, Орталық Азияда күшті аймақтық ынтымақтастықты құру мақсатымен жастарды біріктіреді».

Жарыстан кейін барлық қатысушылар кешкі Алматы қаласында бірге серуендеді. Қазақстандағы АҚШ өкілдігі Орталық Азиядан келген студенттерді бірлестіру мақсатында ағылшын тілінде өтетін жарысты және жаңа дәстүрді қолдап, оның жалғасын асыға күтуде.