Қазақстан – үшінші жыл қатарынан Spelling Bee Орталық Азия сайысының жеңімпазы

Қазақстан – үшінші жыл қатарынан Spelling Bee Орталық Азия сайысының жеңімпазы

26-сәуір, Бішкек – Бішкек қаласында ағылшын тіліндегі сөздерді емлесіне қарай айтудан үшінші Орталық Азия Spelling Bee сайысы өтті. Осымен үшінші жыл Қазақстандық сайыскер жеңімпаз атанды. Биыл, Александр Лопухов  ағылшын тіліндегі scintillating сөзін  дұрыс айтып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан қалаларынан 16 сайыскерлерді озып шықты.

Үш жыл қатарынан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріндегі АҚШ Елшілігі Spelling Bee сайысын ұйымдастырып келеді. 2018 жылы Spelling Bee Ортаазиялық сайысы Алматыдағы American Space шығармашылық алаңында өтті. 2017 жылы аталмыш сайыс Тәжікстанның Дуншанбе қаласында өткізілген.

Америкалық мәдениеттің бір бөлігі болып саналатын Spelling Bee сайысына жыл сайын қызығушылық танытқан қатысушылар саны көбейіп келеді.  Аталмыш сайыс – Америка елінде 90 жылдан астам уақыт бойы мектеп оқушылары қатысатын әйгілі шара. Сайысқа қатысушылардың міндеті – сахнада тұрып, жүргізуші айтқан сөзді емле ережелеріне сай дұрыс айту. Қиындық туғызатын ерекшелік – ол ағылшын тіліндегі көптеген сөздер дің айтылуы мен жазылуының әртүрлі болуы.

“Мен АҚШ Елшілігі мен Америкалық бұрышқа осындай Spelling Bee сынды шараны ұйымдастырғандары үшін ризашылығымды білдіремін. Басқа елдерден келген сайыскерлермен бақ сынасқан қызық болды. Жергілікті сайыстар мен бүгінгі өткен аймақтық сайысқа қатысу арқылы үлкен тәжірибе жинадым.  Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын, және болашақта бұл сайысқа көп жастар қатысса екен деп ойлаймын, себебі, аталмыш сайыс ағылшын тілін үйренуге ынталандырады және америкалық мәдениетті жақынырақ танып білуге мүмкіндік береді!”, – деп Қазақстандық жеңімпаз Александр Лопухов өз ойымен бөлісті.

Екінші және үшінші орындарды да қазақстандықтар иеленді – Рамазан Елтай және Нұргүл Адамжанова. Барлығы 14 кезең өтті.

Биылғы жылы қазақстандық студенттер ерекше белсенділік білдіріп, колледж бен жоғары оқу  орындарынан 764 студент сайысқа қатысуға тіркелді. Олардың ішінде Қазақстанның 13 облысынан келген 33 қатысушы Қазақстанның бас қаласында Америкалық бұрышта жекпе – жекке қатысты. Жеңімпаздар болып Рамазан Елтай – Нұр-Сұлтан, Нұргүл Адамжанова -Павлодар, Александр Лопухов – Нұр-Сұлтан, Арсен Алпысбай – Өскемен атанды.