ХАТШЫ ЭНТОНИ Дж. БЛИНКЕННІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

ХАТШЫ ЭНТОНИ Дж. БЛИНКЕННІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Шығыс Украина бойынша Кремль шешімі

Біз президент Путиннің «Донецк және Луганск халық республикаларын» «тәуелсіз» деп тану туралы шешімін қатаң айыптаймыз. Дума алғаш рет өтініш жасаған кезде айтқанымыздай: бұл шешім Ресейдің Минск келісімдері бойынша міндеттемелерінен толық бас тартуды білдіреді, Ресейдің дипломатияға мәлімдеген міндеттемесіне тікелей қайшы келеді және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына ашық шабуыл болып саналады.

Қорқыту немесе күш қолдану арқылы құрылған жаңа «мемлекетті» мойындамау, сондай-ақ басқа мемлекеттің шекарасын бұзбау – мемлекеттердің міндеті. Ресейдің шешімі президент Путиннің халықаралық құқық пен нормаларды өрескел құрметтемеуінің тағы бір мысалы болып табылады.

Президент Байден АҚШ азаматтарының Украинаның «Донецк және Луганск халық республикалары» деп аталатын аймақтарына барлық жаңа инвестицияларына, саудасына және қаржыландыруына тыйым салатын Жарлыққа қол қояды. Біз Украинамен, одақтастарымызбен және серіктестерімізбен Ресейдің бұл себепсіз әрекетіне жауап ретінде тиісті қадамдар жасауды үйлестіруді жалғастырамыз. Е.О. Ресейдің халықаралық құқықты осылайша өрескел бұзудан пайда табуына жол бермеу үшін жасалған. Ол Украина халқына немесе Украина үкіметіне қатысты емес,  яғни осы аймақтарда гуманитарлық және соған байланысты қызмет жалғасын таба алады.

Біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ, Украина үкіметі мен халқын қолдаймыз. Біз украиналық әріптестерімізбен бірге президент Путиннің мәлімдемесін қатаң айыптаймыз.