АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ
Баспасөз хатшысының кеңсесі
Дереу тарату үшін
ХАТШЫ МАЙКЛ Р. ПОМПЕОНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
9 шілде, 2020 жылы
Америка Құрама Штаттары Шыңжаңда жалғасып жатқан адам құқықтарын бұзуы мен зорлық–зомбылық үшін ықпалшаралар қолданып, визалық шектеулер қояды
Америка Құрама Штаттары бей-жай қала алмайды, өйткені ҚКП Шыңжаңдағы ұйғырлардың, этникалық қазақтардың және басқа да азшылықтардың адам құқықтарын бұзып, мәжбүрлі еңбекке тартып, адамдарды жаппай ұстап, халықтың санын шектеп, олардың мәдениеті мен мұсылман дінін жоюға тырысады.
Мемлекеттік департаментінің 2020 қазыналық жылына бөліңген қаржы, шетелдегі операциялар және онымен байланысты бағдарламалар туралы заңның 7031 (с) бабына сәйкес, адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін ҚКП-ның үш жоғары лауазымды тұлғаны, оның ішінде Қытай компартиясының ШҰАР-дағы хатшысы Чэнь Цюаньгоны, Шыңжаңның құқықтық және саяси мәселелер жөніндегі комитетінің (ШҚСК) хатшысы Чжу Хайлуньды және Шыңжаңның қоғамдық қауіпсіздік бюросының (ШҚҚБ) қазіргі хатшысы Ван Миншаньды, санкция тізіміне еңгіземін. Олар және олардың отбасы мүшелері енді АҚШ аумағына кіре алмайды.
Сонымен қатар, Шыңжандағы ұйғырларды, этникалық қазақтарды және басқа да азшылықтарды негізсіз ұстаған үшін немесе оларға зорлық-зомбылық жасаған үшін жауапты деп саналатын басқа ҚКП шенеуніктеріне Иммиграция және азаматтығы туралы заңның 212 (a) (3) (C) бабына сәйкес 2019 жылдың қазан айында жарияланған саясат бойынша қосымша визалық шектеулер қоямын. Бұл шектеулер олардың отбасы мүшелеріне де таратылуы мүмкін.
Бұл санкция тізіміне еңгізілуі мен визалық шектеулер ШҚҚБ-ны және адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін Қытай Халық Республикасының қазіргі немесе бұрынғы төрт лауазымды тұлғаларын, Чэнь Цюаньгоны, Чжу Хайлуньды, Ван Миншаньды, Хо Люцзюньді, санкция тізіміне еңгізу туралы АҚШ-тың Қаржы министрлігінің бүгінгі мәлімдемесін толықтырады. Бұл санкция тізіміне еңгізілуі Адам құқықтарын бұзғаны үшін жауаптылық туралы жаһандық Магнитский заңына негізделген және оны жүзеге асыратын Адам құқықтарын бұзуға немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдардың мүлкіне тыйым салу туралы № 13818 үкімет қаулысына сәйкес келеді. Шыңжаңдағы ҚКП-ның репрессиялық науқанын қатаңдату алдында Чэнь қазіргі уақытта ҚКП шенеуніктері Шыңжаңда қолданып жүрген көптеген сұмдық әдістер мен саясатты қолдана отырып, Тибет аймақтарында кең ауқымды қудалауды басқарды.
Бүгінгі таңда АҚШ Шыңжаңдағы жан түршігерлік және жүйелі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасап, ҚКП-ның адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын бұзуына қатысты алаңдаушылық білдіретін барлық елдерді осындай әрекетті айыптауға шақырады.