Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі.

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Рэн Эльхай

Бізді Сейтқазы Матаев және оның ұлы – Әсет Матаевқа тағылған айып пен кінәларға байланысты БАҚ-қа жасалып отырған қысым мен сөз бостандығына шектеулер жағдайы алаңдатады. Матаевтарға алаяқтық және салық төлеуден жалтару бабтары бойынша алты және бес жылға бас бостандығынан айырылу жазасы, сондай-ақ $ 1,5 млн астам айыппұл салып, жеке мүліктерін тәркілеу үкімі шығарылған болатын. Оларға тағылған айыптар мен істерінің сотта қаралу барысы елеулі сұрақтар тудырады.

Сейтқазы Матаев Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің иесі және құрылтайшысы, әрі Қазақстан журналистер одағының төрағасы болып табылады. Әсет Қазақстандық тәуелсіз ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры болып табылады. Олармен бірге жұмыс жасаған адамдар олардың Қазақстандағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына маңызды үлес қосқандарын айтып, құрметтерін білдіреді.

Түрлі ақпарат пен пікірлердің көздеріне қол жеткізу кез-келген демократияның маңызды элементі болып табылады. Біз Қазақстанда тәуелсіз БАҚ кеңістігінің тарылуы жөніндегі халықаралық алаңдаушылыққа қосыламыз. Қазақстан мен АҚШ серіктестік рухының негізге ала отырып, біз Қазақстан Республикасының Үкіметін іргелі демократиялық құқықтардың қатарындағы сөз бостандығы мен тиісті құқықтық процестерді  барлық азаматтар үшін қолдауға шақырамыз.