АҚШ НЕГІЗДЕЛГЕН SURGICORPS,ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ НАУҚАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН, ӨЗІНІҢ 75-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯХАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚ

2017 жылдың екінші медициналық миссиясы аясында, Surgicorps International, 19 мамырда Қазақстанның Астана қаласына аттанады. Surgicorps, Астана қаласындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау Ұлттық ғылыми орталығының филиалы, университеттің медициналық орталығында қызмет көрсету үшін Асыл Бала (Asyl Bala) Қорымен ынтымақтасатын болады. Негізін қалаушы және пластикалық хирург доктор Джека Демос басшылығымен, Surgicorps хирургиялық командасының елге бірінші сапарын наурыз айындағы танысу сапарынан кейін жасағалы отырғаны, Surgicorps кызметіне деген айтарлықтай қажеттілікті растайды. Surgicorps неғұрлым көп қауіпсіз және табысты операцияларды қамтамасыз ететін болады.

Surgicorps International 1994 жылы құрылған болатын. Сол уақыттан бері, ұйымның медициналық командалары тарапынан 5000-нан астам операциялар әртүрлі 20 елде өткізілді. Жыл сайын өткізілетін 4-5 миссиялар аралығындағы іс-шаралар, әдетте 15-35 адамнан құралатын медициналық және медициналық персоналдан тұратын еріктілер командасы тарапынан жүргізіледі. Surgicorps 3-5 жыл бойынша әрбір елге ұзақ мерзімді үлес қосуда, сондай-ақ, айырықша науқастарға, басқа түрлі мүмкін болмайтын, үздіксіз медициналық күтім көрсетуді ұсынады. Surgicorps, жақында – мамыр айының басында, Бутан елінен оралды, енді осы жылдың соңында Гватемала, Замбия және Вьетнам мемлекеттеріне саяхат жоспарлап отыр.

Қазақстандық Surgicorps құрамасы 12 еріктілерді қамтиды: Тара Бернс, Алекс Дзуровчик, Мелинда Хэндлер, Бетти Хирн, Дэвид Ким, Гай Леоне, Лариса Мейсон, Амир Сиддики, Джеймс Терман и Анна Вутен. Джек Демос медициналық директор болатын болса, біздің бағдарлама және логистика директоры Линда Эспосто сапар үйлестірушісі ретінде қызмет ететін болады. Жергілікті медициналық студенттер, командаға аудармашы ретінде көмектеседі. Бес күндік сапар барысында команда хирургиялық процедураларды орындайды, оның ішінде қоян таңдайдың қысқаруы, қоян ерін және күйік тыртықтығы сияқты туа біткен және кейін пайда болған ақауларды қалпына келтіру және өзгерту жұмыстарын атқарады.

Медициналық еріктілер, хирургтар, анестезиологтар, дәрігерлер, дәрігердің көмекшілері, медбикелер, хирургиялық техниктер, физиотерапевтер және кәсіби терапевтерден тұрады. Surgicorps медициналық еріктілері, жыл сайын шамамен 300 000 АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсайды. Surgicorps, кейбір елдерге медицина саласында кәсіби ұмтылыстары бар медициналық емес еріктілерді құрайтын жасөспірімдер (16 жастан төмен емес) мен жастарды әкеледі; науқастардың кестелерін үйлестіруге, операцияларды бақылауға көмектеседі, пациенттер мен олардың отбасылары үшін қамқорлық және жұбаныш беруге, сондай-ақ, фотосуретші және блогерлер ретінде сапарларды құжаттауға атсалысады. Surgicorps, еріктілерді іс-шараларға қатыстыру барысында өзін-өзі қамтамасыз ету үлгісін пайдаланады. Команда мүшелері өз іссапар шығындарын өздері қаржыландырады.

Назарбаев Университеті (NUSOM) медициналық институтының қазақстандық медициналық студенттері, декан Массимо Пиньятелли басшылығымен, өз еріктерімен осы бағдарламаны ұсынып отыр. Олар, жергілікті медициналық персонал мен ағылшынша сөйлейтін американдық команда арасында аудармашы ретінде әрекет етеді. Студенттер, еріктілер іс-шаралары аясында, білікті хирургтардың жұмыстарын бақылап, олардың медициналық терминология білімдерін пайдалана отырып, асыл миссияның өткізілуіне ықпал етеді.

Ерікті студенттердің бірі, Арғындықов Диас, 2019 жылының болашақ түлегі, былай дейді: «Мен, бұл шараны, үздік хирургтар және өз саласындағы кәсіби мамандармен операция жасау бөлмесінде бірге болу және олардың білімдері, біліктіліктері мен өз кәсібіне деген махаббаты арқасында, адам өмірін жарқын жаққа қарай өзгертуілеріне куә болатын ерекше мүмкіндік, деп санаймын». Ары қарай, екінші курс студенті Екатерина Хамзина өз еркімен қатысуға деген өзінің мотивациясын түсіндірді: «Surgicorps international-мен жұмыс істеу, ол – Америка Құрама Штаттарының өз жұмысына ең қатты берілген  дәрігерлерінен үйренетін қызықты мүмкіндік. Операциялық бөлмеде, олардың жұмыс істеуін және өзара іс-қимылдарын бақылау, баға жетпес мүмкіндік болып табылады. Ол, сондай-ақ, мен үшін процесс барысында көмектесуге, өз білімімді тәжірибеде  қолдануға және даулау үшін үлкен мүмкіндік болып табылады».

Surgicorps International және біздің миссиямыз жайлы тереңдетілген ақпаратты біздің Surgicorps.org веб-сайтынан, сонымен қатар, Facebook, Twitter и Instagram әлеуметтік желілерінен табуға болады.

Surgicorps International –дың Қазақстандағы миссиясы туралы қосымша ақпарат алу үшін  Менилбеков Даниярға  +77017666520 нөмірі арқылы хабарласыңыз.