TechGirls 2024 бағдарламасы
АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы жоғары сыныпта оқитын ғылым, технология, инженерия және математикаға қызығушылығы бар әлемнің 37 елінің қыздарына арналған TechGirls 2024 бағдарламасын ашық деп жариялайды.
TechGirls дегеніміз не?
TechGirls — Legacy International ұйымының Virginia Tech Университетімен бірлесе отырып жүзеге асыратын АҚШ Мемлекеттік департаменті білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросының бастамасы.
Бағдарлама ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы көшбасшы әйелдердің келесі буынын біріктіріп, оларға өз дағдыларын дамытуға және армандарына жетуге мүмкіндік беру арқылы қолдайды.
2024 жылы бағдарлама 7 айлық тәлімгерлік бағдарламасы (алмасу бағдарламасына дейінгі және одан кейінгі уақытты қоса алғанда) мен АҚШ-та төрт апталық тәжірибе ұсыну арқылы әлемнің 37 елінен 111 жас әйелге және АҚШ-тың 13-тен астам құрдастарына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
2012 жылдан бастап TechGirls бағдарламасы бойынша 653 жасөспірім қызды (15-17 жас) оқытып, тәлімгерлік етті. Бастапқыда бағдарлама Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарына бағытталды. Ал 2022 жылдың жазында TechGirls бағдарламасы АҚШ-тан келген STEM саласындағы талантты жас әйел-мамандарды тартып, әлемнің барлық алты өңіріндегі елдерді таңдай отырып, жаһандық деңгейге қанатын жайды.
Бағдарламаның басты ерекшелігі – қатысушылар АҚШ-тағы Вирджиния технологиялық университетімен бірлесе ұйымдастырылатын жиырма бес күндік тәжірибеден өтеді. Финалистер интерактивті технологиялық және компьютерлік лагерьге қатысып, содан кейін қауымдастық пен мансаптық мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында Остин (Техас штаты), Чикаго (Иллинойс штаты), Цинциннати (Огайо штаты), Денвер (Колорадо штаты), Детройт (Мичиган штаты) не Сиэтл (Вашингтон штаты) қалаларының біріне барады.
TechGirls бағдарламасы мультипликативті әсерге ие, себебі қатысушылар Қазақстанға оралған соң, қоғамдағы белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асырып, алған білім мен дағдыны тәжірибе жүзінде қолданады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасы азаматы болу;
- Бағдарламаға қатысу кезіндегі 15 пен 17 жас аралығында болу (яғни 2006 жылдың 13 шілдесі мен 2009 жылдың 13 шілдесі аралығында дүниеге келген үміткерлер);
- Ғылым, технология, инженерия және/не математика саласындағы дағдылары мен үлкен қызығушылығы болу керек;
- Технология саласында жоғарғы білім алуға және мансап құруға ұмтылысы;
- Ағылшын тілін жетік білуі (Advanced intermediate);
- Еркін ойлауы, икемділік пен жаңа тәжірибе жинауға деген құштарлығы;
- Бағдарлама аяқталған соң, қатысушылардың мектепте оқитын жарты жылы (бір семестр) қалу керек;
- Бағдарлама аяқталған соң, қоғам игілігіне бағытталған жобаны жүзеге асыруға дайын болуы;
- АҚШ-та болмаған не шектеулі тәжірибесі бар үміткерлерге артықшылық беріледі;
- TechGirls әртүрлі тәжірибесі мен дағдысы бар адамдарды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды да өтініш беруге шақырады.
Назар аударыңыз: АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросының басқа алмасу бағдарламалары бойынша АҚШ-та соңғы үш жыл ішінде болған қатысушылар өтінімдері бағдарламаға қабылданбайды.
Қатысушылар саны: Қазақстанның 3 оқушысы
Байқаудың өткізілу уақыты:
Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2023 жылдың 16 қазан – 08 желтоқсан аралығы;
Жартылай финалистермен сұхбат кезеңі: 2023 жылдың желтоқсан – 2024 жылдың ақпан аралығы;
Финалистер тізімін анықтау кезеңі: наурыз айы, 2024 жыл
Онлайн сауалнаманы келесі сілтеме арқылы толтыра аласыз: techgirlsglobal.org
Онлайн сауалнаманы тапсырудың соңғы күні: 2023 жылдың 8 желтоқсаны, сағат 22:00 (Астана қаласы уақытымен)
АҚШ Мемлекеттік департаменті қатысушылардың барлық шығынын, оның ішінде жол жүру мен тұру шығындарын төлейді.