Techgirls Бағдарламасы

АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы жоғары сыныпта оқитын ғылым, технология, инженерия және математикаға қызығушылығы бар қыздарға арналған 2023 TechGirls бағдарламасын ашық деп жариялайды.

TechGirls дегеніміз не? 

TechGirls — Legacy International ұйымының  Virginia Tech Университетімен серіктестікте жүзеге асыратын АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросының бастамасы.

Бағдарлама ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы көшбасшы әйелдердің келесі буынын біріктіреді және қолдайды, оларға өз дағдыларын дамытуға және армандарына жетуге мүмкіндік береді.

2023 жылы бағдарлама 35 қатысушы елдерден/аумақтардан іріктеп алынған 111 жасөспірім қыздарға және АҚШ-тан 15 құрдастарына АҚШ-та төрт апталық тәжірибе және 7 айлық тәлімгерлік бағдарламасын (айырбастау бағдарламасына дейінгі және кейінгі уақытты қоса) ұсынуды жоспарлап отыр.

2012 жылдан бастапTechGirls бағдарламасы бойынша 528 жасөспірім қыз (15-17 жас) оқып, тәлімгерлік алды. Алғашқы жылдары бағдарлама Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың (Алжир, Египет, Иордания, Ливан, Ливия, Марокко, Палестина территориялары, Тунис және Йемен) аймақтарынан келген қыздарға қолдау көрсеткен болатын. 2019 жылы бағдарлама Орталық Азия аумағына кеңейтіліп, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген жас әйелдерге қолдау көрсете бастады. Ал 2022 жылы бағдарлама әлемнің алты аймағындағы (Батыс жарты шар, Сахараның оңтүстігіндегі Африка, Еуропа және Еуразия, Шығыс Азия-Тынық мұхиты, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік және Орталық Азия) қыздарға қолдау көрсету мақсатында бүкіл әлем бойынша кеңейтілді.

Бағдарлама қатысушылары жиырма бес күн ішінде Вирджиния технологиялық университетімен серіктестікте ұйымдастырылатын АҚШ-тағы тәжірибеден өтеді. Финалистер интерактивті технологиялық және компьютерлік лагерьге қатысып, содан кейін қоғамдастық пен мансаптық мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында келесі қалалардың біріне барады: Остин, Чикаго, Цинциннати, Денвер, Детройт немесе Сиэтл.

TechGirls бағдарламасы мультипликативті әсерге ие, өйткені Қазақстанға оралған соң, қатысушылар қоғамдағы белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жобаларды  жүзеге асырып, алған білімдерін мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Бағдарламаға қатысу кезіндегі  жас аралығы – 15 пен 17 жастың арасы (яғни 2005 жылдың 9 шілдесі мен 2008 жылдың 8 шілдесі аралығында туылған үміткерлер);
  • Ғылым, технология, инженерия және/немесе математика саласындағы дағдылары мен үлкен қызығышулығы болу керек;
  • Технология саласында жоғарғы білім алуға және мансап құруға ұмтылысы;
  • Ағылшын тілін жетік білуі (Advanced intermediate);
  • Ой дербестілік, икемділік, және жаңа тәжірибе алуға деген ұмтылысы;
  • Бағдарламаның аяқталуынан кейін қатысушылардың мектепте оқуға бір семестрі қалу керек;
  • Бағдарламаның аяқталуынан кейін қоғамның игілігіне бағытталған жобаны  жүзеге асыруға дайын болуы;
  • Артықшылық АҚШ-та тәжірибесі жоқ немесе шектеулі тәжірибесі бар үмітркерлеге берілетін болады;
  • TechGirls әртүрлі тәжірибесі мен дағдылары бар адамдарды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды өтініш беруге шақырады.

Назар аударыңыздар: АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросының басқа алмасу бағдарламалары бойынша АҚШ-та соңғы үш жыл ішінде болған қатусышылардың сауалнамалары бағдарламаға қабылданбайды.

Қатысушылар саны: Қазақстанның 3-4 оқушысы

Байқаудың өткізілу уақыты:

Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2022 жылдың 17 қазан – 16 желтоқсан аралығында;

Жартылай финалистермен сұхбат кезеңі: 2023 жылдың ақпан – наурыз аралығында;

Финалистер тізімін анықтау кезеңі: наурыз айы, 2023 жыл

Онлайн сауалнаманы келесі сілтеме арқылы толтыра аласыз: techgirlsglobal.org

Онлайн сауалнаманы тапсырудың соңғы күні: 2022 жылдың 16 желтоқсан күні, сағат 22:00 (Астана қаласы уақытымен)

АҚШ Мемлекеттік департаменті қатысушылардың барлық шығындарын, оның ішінде жол жүру және тұру шығындарын төлейді.