Flag

An official website of the United States government

“Mediacamp – Орталық Азия бағдарламасының” Эдьютоны басталды
3 Хаттаманы оқу
Ақпан 2, 2021

The Central Asia Media Program Eduthon Begins Today

 

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2-ақпан – Бүгін MediaCAMP Эдьютон 2021 медиа және цифрлы сауат бойынша инновациялық семинары басталды. Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан Эдьютонды АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырады. Бұл онлайн іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстанның университет оқытушылары, мұғалімдері, медиатренерлер, медиа және цифрлы сауат бойынша сарапшылары қатысып жатыр. Қатысушылар алдағы бес күнде командаларға бірігеді.  Бұқараның түрлі топтарына медиа және цифрлы сауаттылықты цифрлы құрылғылар арқылы интерактив түрде үйрететін жобалар әзірлейді. Оларға БАҚ пен цифрлы технологиялар саласындағы халықаралық және жергілікті сарапшылар жетекшілік етеді.

USAID Орталық Азия миссиясының өңірлік директоры Крис Эдвардс Эдьютонның ашылу салтанатына қатысып, пандемия адамдардың ақпаратқа қол жеткізуіне қалай әсер еткеніне назар аударды. «Жалған ақпарат, қауесет, жорамалдар, өтірік хабарламалар мен қастандық теориялары вирустан да жылдам таралады. Міне, сондықтан медиасауаттылықты арттыру үшін күш біріктіруіміз өте маңызды. Адамдар мейлінше сыни тұрғыдан ойланып, ақпарат көздерін талдап, ажырата білуінің өмірлік маңызы бар» деді Крис Эдвардс.

Эдьютон – халықтың медиасауаттылығын арттыруға арналған тиімді жобалар әзірлейтін ашық шығармашылық платформа. Эдьютон қатысушылары: студенттер, белсенділер мен БАҚ қызметкерлері түрлі аудиторияның ыңғайына бейімделген медиасауаттылық бойынша бірегей жобалар жасап, бұқараның жаңа бөлігін қамтиды. Осылайша аймақтағы медиа және цифрлы сауатты арттыруға үлес қосады.

«Жаһандық пандемия кезінде халықтың медиа және цифрлы сауатын арттыру тіпті өзекті бола түсті. Әлем инфодемияға тап келіп, COVID-19 және вакцина туралы өте көп жалған ақпарат таралды. Осы мәселені онлайн-форматта шешуге тура келеді. Бұл оңай емес. Алайда онлайн оқуды қызықты әрі тартымды етуге болатынын Эдьютонымызда көрсетеміз. Биыл интерактив тәсілдерге, ойындар мен визуализацияға көбірек назар аудардық» деп атап өтті “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасының” жетекшісі Марат Бигалиев.

“MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” Эдьютонда дайындалған озық жобаларға қаржылай қолдау көрсетеді.

###

“MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасын” АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews іске асырады. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл жастар мен егде буынның идеялар алмасуға, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі әрі тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы. USAID қызметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуін ілгерілетуге бағытталған, америкалықтардың жомарттығын көрсетеді, бенефициар-елдердің өзін-өзі қамтамасыз ету мен тұрақтылыққа жетуіне үлес қосады. 

Орталық Азиядағы USAID туралы қосымша ақпарат: https://www.usaid.gov/central-asia-regional, “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы”:  https://kk.internews.kz/mediacamp-kaz/, Internews: https://internews.org/about-us, Қазақстандағы Internews өкілдігі  https://kk.internews.kz/

###