АҚШ және Yлыбритания Біріккен Корольдігінің Үкіметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп әрекет жасауда

Дүйсенбі күні, 24 қарашада сағат 12:00-де, АҚШ Елшісі Джон Ордвей жалпы құны 3,028,985.00 АҚШ долларын құрайтын он бір модульдік кешен мен ілеспе құрал-жабдығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тапсырды. Ресми табыстау салтанаты Маңғыстау облысындағы «Жартасты мүйіс» техникалық бақылау бекетінде өтті. Модульдік кешендер ҚР ҰҚК Шекара қызметіне Маңғыстау облысының халық қоныстанбаған шекара бойындағы жерлерін бақылауға  мүмкіндік береді.

Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Үкіметі осы көлемде қомақты қаржы бөліп, АҚШ Үкіметінің «Экспорттық бақылау және шекаралар қауіпсіздігі» бағдарламасына Шекара қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының халықаралық шекаралары арқылы заңсыз жолмен өтуді тежеу мен алдын алу үшін шекараны бақылау әлеуетін арттыру жұмыстарын одан әрі атқаруға мүмкіндік берді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті стратегиялық тауарлар саудасын бақылау жүйесін күшейтуге жәрдемдесу және  шекаралар қауіпсіздігіне жауапты қызметтердің жаппай қырып-жою қаруы (ЖҚЖҚ), соған байланысты материалдар мен жетілдірілген кәдімгі қарудың заңсыз жолмен тасымалдауын болдырмау, тергеп-тексеру және осындай қылмысты жасағандарды жауапқа тарту мүмкіндіктерін арттыру мақсатымен 2001 жылы Экспорттық бақылау мен шекаралар қауіпсіздігі бағдарламасын құрған болатын. Бүгінгі таңда ЭБШҚ бағдарламасы Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы күреске салған күш-жігерлеріне жәрдемдесу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін техникалық көмек ретінде 27 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген.