Flag

An official website of the United States government

Жыл сайынғы оныншы Орталық Азия сауда форумы онлайн-форматта өтеді
3 Хаттаманы оқу
Қараша 5, 2020

 

2020 жылғы 03 қараша – АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) жыл сайынғы оныншы Орталық Азия сауда форумын виртуалды түрде өткізеді. Орталық Азиядағы аймақтық сауда мен байланысты дамытуға ықпал ететін халықаралық іс-шара 2020 жылғы 16-20 қараша аралығында орын алады.

Осы жылғы «Орталық Азия – өсу және өркендеу» тақырыбы COVID-19 індетінен кейінгі экономиканы қалпына келтіру кезіндегі Орталық Азиядағы нарықтың жаңа үрдістері мен реакцияларын зерттеуге арналады. Бес күндік іс-шара жаһандық және жергілікті сарапшылар мен инноваторлардың басын біріктіріп, бірнеше онлайн платформаларда, соның ішінде ZoomFacebook Live және YouTube арқылы өткізіледі.

#CATF2020 іс-шарасына тіркелу тегін. Толық күн тәртібі мен спикерлер жайлы ақпаратпен www.catradeforum.org сайтында танысуға болады.

Форум қатысушылары онлайн-сессияларға, негізгі баяндамалар мен семинарларға қосылып, COVID-19 індетінің аймақтық жеткізу тізбегіне әсері жайлы, Орталық Азиядағы туризмді қалпына келтіру, аймақтық энергетика нарығын дамыту, аймақтық мәселелер мен электронды сауда мүмкіндіктері жайлы, мемлекеттік және жеке секторлар арасында байланыс құру, аймақтағы кәсіпкер әйелдердің тәжірибесі және тағы басқа өзекті тақырыптар бойынша пікірталастарға қатыса алады.

Сонымен қатар, форум кезінде Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның 20-дан астам көкөніс пен жеміс өнімдерін өндіруші компаниялар аймақтағы және одан тыс жерлердегі серіктестермен «Мир торговли» (World of Trade) виртуалды ритейл форум шеңберінде іскерлік келіссөздер жүргізеді [www.eximexpo.kz].

Соңғы онжылдықта Орталық Азия сауда форумы әлемнің 30 елінен келген 5000-ға жуық мемлекеттік және жеке меншік сектор өкілдерін біріктіру арқылы жаңа үрдістермен танысу, идеялармен алмасу, байланыстарды дамыту және бизнес жүргізу мүмкіндіктерін ыңғайтты. Мәселен, соңғы онжылдықта Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы екі есе ұлғайды және жылына шамамен 6 миллиард АҚШ долларын құрады.

###

USAID – халықаралық дамудың жетекші әлемдік агенттігі және даму нәтижелерін анықтайтын каталитикалық фактор болып саналады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азия бойынша USAID веб-сайтына (https://www.usaid.gov/central-asia-regional) және Facebook парақшасына кіріңіз (https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.)

###