22 сәуір, 2020 ж., Нұр Сұлтан, Қазақстан – Америка Құрама Штаттарының Үкіметі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуын төмендету үшін қосымша 348 миллион теңге (800 000 АҚШ доллар) бөлді.
Осы жылдар ішінде АҚШ Қазақстанмен серіктестікте табысты жұмыс істеуде және қазіргі уақытта инвестициялар үшін басым бағыттарды анықтау мақсатында Қазақстан Үкіметімен, халықаралық гуманитарлық серіктестермен және жергілікті мүдделі тараптармен бірге күштерін үйлестіріп, адамдардың өміріне маңызды қолдау көрсетіп келеді.
«Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауда. COVID-19-ға қарсы күресте АҚШ Үкіметі Қазақстанды және әлемдегі басқа серіктестерді қолдайды», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. «Халықаралық қауымдастық ретінде бар күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Әрқайсымыз үйде қалу және үкіметтің нұсқауларын орындау арқылы індетті жоюға өз үлесімізді қоса аламыз».
Ауруды бақылау және алдын алу орталықтары мен USAID агенттігінің американдық техникалық мамандары тәжірибе алмасуды және COVID-19 індетімен күресу үшін қазақстандық сарапшылармен күн сайын тығыз жұмыс жасауды жалғастыруда. Қосымша жарнамен бірге АҚШ COVID-19-ға қарсы күреске Қазақстанға 713 миллион теңге (1,6 миллионнан астам АҚШ доллар) бөлді. USAID агенттігі көрсетілген көмек арқылы осы індетпен күресу үшін Қазақстанның мүмкіндіктерін нығайтуға және келесі басымдықтарды қолдауға бағытталған: инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау шаралары; зертханалық жүйелерді ірі ауқымды тестілеуге дайындау; вирустың таралуын болдырмау және онымен күресу үшін қабылданған қадамдар туралы халықты ақпараттандыру.
Соңғы 20 жыл ішінде АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетті, оның ішінде медициналық көмек көрсету үшін 86 миллион доллардан астам қаражат бөлді. Ондаған жылдар бойы АҚШ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ең ірі екіжақты көмек көрсететін донорлардың бірі болып табылады.
2009 жылдан бастап АҚШ салық төлеушілері бүкіл әлемде медициналық көмек көрсету үшін 100 миллиард АҚШ доллардан астам және гуманитарлық көмек көрсету үшін 70 миллиард АҚШ долларға жуық қаражат бөлді. Жұқпалы аурудың қатері кез-келген жерде қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, Америка Құрама
Штаттары басқа донорларды COVID-19-бен күресу мақсатындағы жаһандық күш-жігерге ат салысуға шақырады.
USAID агенттігінің COVID-19-ға қарсы жүргізген жұмысы туралы қосымша ақпаратты мына сайттан табуға болады: https://www.usaid.gov/coronavirus-covid-19