Flag

An official website of the United States government

АҚШ COVID-19 індетімен күресті күшейту мақсатында Қазақстанға қосымша қаражат бөлді
3 Хаттаманы оқу
Мамыр 22, 2020

U.S. Agency for International Development (USAID) to Kazakhstan.

 

22 мамыр 2020, Нұр-Сұлтан, Қазақстан –COVID-19 пандемиясына кешенді төтеп беру аясында АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму Агенттігі (USAID) арқылы қосымша 1,5 миллион АҚШ долларын бөлетіні жөнінде мәлімдеді. Ағымды мезетте USAID Қазақстанға COVID-19 пандемиясына төтеп беруіне төтенше көмек көрсету мақсатымен жаңа қаржыландыру ретінде шамамен 3,11 миллион АҚШ долларын ұсынды. Бұл көмек Қазақстанның COVID-19 індетумен күреске жұмсаған күш салуына септігін тиігізетін Індеттерді бақылау Орталықтарымен 1,6 млн. АҚШ долл. сомасында денсаулық сақтаудың өзге салаларына ұсынылатын өзге көмекке қосымша түрде беріледі.

USAID бұл қосымша қаражатты зертханалар мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің COVID-19 таралуымен күрес және оны тежеу бойынша әлеуеттерін күшейту мақсаттарында жұмсалатын болады.

Ертеректе мәлімделген USAID Агенттігінің Қазақстандағы бағдарламасының қаржыландырылуымен қатар кең ауқымды тестілеуге арналған зертханалық жүйелер әзірленіп, пациенттердің ауру жұқтырулары жағдайларын есепке алу жетілдіру барысында. Оған қоса, бұл бағдарламалар COVID-19 таралуын тежеуге және жалған ақпараттың таралуын болдырмауға көмектесу мақсатымен тұрғындардың осал таптарына нақты ақпарат бере отырып, жергілікті қауымдастықтармен іскерлесуде.

Соңғы 20 жыл барысында Құрама Штаттар Қазақстанға 2 миллиардтан астам доллар берді, соның ішінде 86 миллионнан астам доллар туберкулез (ТБ) және АИТВ сияқты індетті аурулардың тарауын болдырмайтын қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған медициналық көмекке жұмсалды. USAID көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді емдеуге, диагностикалауға және болдырмауға бағытталған қызметті қолдап, аса жоғары тәуекел деңгейіндегі тұрғындар топтары үшін АИТВ/ЖИТС болдырмау және емдеу қызметтерін кеңейту бойынша еңбек етуде. Осы қорлар ауруларға барынша бейім адамдардың өмірлерін сақтап қалып, қорғап, денсаулық сақтау мекемелерін құрып, қауымдастықтардың барынша нығаюына септігін тигізді

USAID Агенттігінің COVID-19 індетіне төтеп беру шаралары жайлы толығырақ ақпарат алу үшін https://www.usaid.gov/coronavirus-covid-19 сайтына өтіңіз