Flag

An official website of the United States government

АҚШ пен Қазақстан «ашық аспан» жайлы келісімге қол қойды
3 Хаттаманы оқу
Қаңтар 6, 2020

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ

Пресс-релиз

БАҚ-на арналған хабарлама
6 қаңтар 2020 жыл

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Әуе қатынасы туралы («ашық аспан» жайлы) келісімге қол қойғанын қуана хабарлаймыз. Келісімге АҚШ Үкіметінің атынан АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Х. Мозер және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол қойды. Келісім АҚШ-тың «ашық аспан» халықаралық авиациялық саясатына сәйкес Қазақстанмен азаматтық авиация саласында заманауи қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді. Ол тасымалдаудың шексіз сыйымдылығын мен жиілігін, ашық маршрутқа құқықтарды, либералды чартерлік режимді және код-шеринг мүмкіндіктерді қамтиды. Келісім екі елдің үкіметтері арасында дипломатиялық ноталармен алмасудан кейін күшіне енеді.

«Ашық аспан» жайлы келісімдер әуе компанияларға мемлекеттік реттеушілердің араласуынсыз нарықтық сұранысқа негізделген коммерциялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Әуе тасымалдаушылар тұтынушылар мен жүк жөнелтушілерге анағұрлым қол жетімді, ыңғайлы және тиімді әуе қызметін көрсете алады, осылайша туризм мен сауданы дамытады. Қазақстанмен жасалған келісім біздің экономикалық және сауда серіктестігімізді одан әрі кеңейтіп, адамдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Ол әуе акомпанияларға, туристік фирмалар мен клиенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Келісім екі үкіметті де авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға міндеттейді. Келісім сонымен бірге Орталық Азиядағы азаматтық авиацияны ырықтандыруға бағытталған қадам болып табылады және аймақтың әлеммен байланысын кеңейтеді.

АҚШ-тың авиациялық саясаты және «ашық аспан» қағидаты бойынша әуе қатынасы туралы келісімдер туралы ақпаратпен Департаменттің веб-сайтында танысуға болады: https://www.state.gov/civil-air-transport-agreements/

«Ашық аспан» жайлы келісімдер дегеніміз не? (PDF, 92KB)

# # #