Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 22 желтоқсан 2020 жыл – АҚШ үкіметі өзінің Халықаралық даму агенттігі (USAID) және Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) арқылы Қазақстан үкіметінің COVID-19 пандемиясына қарсы күресіне 2020 жылы 6,2 миллион доллар көлемінде көмек көрсетіп, оның ішінде зертханалық жабдықтар мен қажет материалдармен қамтамасыз етті.
15 желтоқсанда АҚШ-тың Бас консулы Эрик Мейер, USAID-тың Орталық Азиядағы миссиясы директорының орынбасары Питер Янг және CDC Орталық Азия директоры Даниэль Сингер Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына барып, зертханалық қондырғылардың қалай қолданылып жатқанын көрді.
«Біз Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы үкіметімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз. АҚШ үкіметі денсаулық сақтау саласының ашықтықтығын және ашық ақпараттық экожүйелерді қолдайды. Ақпараттың еркін ағыны пандемиямен күресу үшін және болашақта денсаулыққа төнетін қауіп-қатерге қарсы тұру мақсатында өте маңызды. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы күресте Денсаулық сақтау министрлігі және оның мекемелерімен ынтымақтастығымызды арттыру үшін ашық мәліметтер алмасуға үміттенеміз», – деді АҚШ бас консулы Мейер сапар барысында сөйлеген сөзінде.
Жиырма жылдан астам уақытта АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар инвестициялады, оның ішіне денсаулық сақтау саласындағы туберкулез бен ВИЧ/СПИД-тің алдын-алуға бағытталған 86 миллион доллардан астам қаражат кіреді.
###
АҚШ-тың Қазақстандағы COVID-19-қа қарсы күрес барысында көрсеткен көмегі туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге басыңыз: https://www.usaid.gov/kazakhstan/fact-sheets/us-assistance-kazakhstan-covid-19-crisis.