АҚШ Қазақстанға COVID-19-ға тест өткізу үшін қолданылатын құрал-жабдықтардың үшінші партиясын табыстады

1 наурызда АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының Орталық Азиядағы кеңсесі (CDC/CAR) Алматыдағы екі зертханаға жалпы құны 102 334 АҚШ доллар құрал-жабдық табыстады. Орталық референс-зертхана және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы табысталған құрал-жабдықты жоғары сапалы сынама жинау, жиналған сынымаларды тасымылдау, және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен COVID-19-ға жоғары спецификалық тестілеу өткізу үшін пайдаланатын болады.

Бұл CDC-дің Қазақстанға COVID-19-пен күресу бағыты бойынша жіберген құрал-жабдықтардың үшінші партиясы. 2020 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында CDC қазақстандық зертханағаларға 316 000 және 480 000 АҚШ доллар тұратын құрал-жабдық табыстаған. Табысталған құрал-жабдықтың жалпы құны қазір 898 334 АҚШ доллар.

«Зертханалық жұмыс – кез-келген қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің маңызды және ажырамас бөлігі. COVID-19 пандемиясы  кезінді бұл жұмыс әсіресе маңызды. Біз осы ауруға қарсы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп күресіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Табысталған заттар елдің COVID-19 тестерін өткізу қабілетін күшейтеді және қазіргі пандемия аяқталғаннан кейін басқа жұқпалы аурулармен күресуге үлесін тигізеді деп мақтанышпен айта аламыз», – деді CDC/CAR директоры Дэниел Сингер.

CDC/CAR Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне пандемия басталғалы тренинг өткізу және төтенше жағдай, зертханалық жұмыс, жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау, шекара пункттерінде бақылау өткізу, риск байланыстар мен қоғамды қатыстыру мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетіп келе жатыр. 

Биыл CDC Орталық Азия кеңсесі өзінің 25 жылдығын атап өтуде. CDC-ның аймақтағы алғашқы кеңсесі 1995 жылы Алматыда ашылған. Бүгінгі күні CDC қызметкерлері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда жұмыс істейді. Олар осы елдердің медициналық қызметкерлерді оқыту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту және COVID-19, ВИЧ, туберкулез және басқа жұқпалы аурулар эпидемияларына ден қою бойынша жұмыстарына қолдау көрсетеді.