Америка Құрама Штаттары АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтады

Нұр-Сұлтан, Қазақстан 2020 жылғы 23 қазанда Америка Құрама Штаттары АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығымен бірлесіп, АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) және АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күресу жөніндегі төтенше жоспары (PEPFAR) қаржыландыратын «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтады. Соңғы алты жыл ішінде қызмет көрсету сапасын жақсартумен қатар, жоба аясында АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу жолындағы мен негізгі кедергілер – стигма мен кемсіту жойылды.

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың КӨШБАСШЫСЫ» жобасы Қазақстан үкіметімен және денсаулық сақтау мамандарымен бірлесіп, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін барлық кепілдендірілген қызметтердің сапасын жақсарту және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді. Жоба аясында олардың қолжетімділігі мен сапасын бақылау үшін мобильді қолданба әзірленді.

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсіту адамның негізгі құқықтарын бұзып қана қоймай, содай-ақ АИТВ-ға тестілеу және оның алдын алу жолындағы негізгі кедергілер болып қала береді. Стигма мен кемсітуді жою ЖИТС эпидемиясын тоқтату үшін өте маңызды», Питер Янг, Орталық Азиядағы USAID өңірлік миссиясы директорының орынбасары.

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың КӨШБАСШЫСЫ» жобасы аясында USAID және PEPFAR Орталық Азияда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Стигма индексін зерттеуін жүргізуді қолдады. 2015 және 2020 жылдардағы сауалнамаларға 4000-нан астам адам қатысып, АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітуге қарсы, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі кемсітуге қарсы күрестің Ұлттық жоспарын жасауға үлесін қосты.

Сонымен қатар Ұлттық жоспардың құрамдас бөлігі ретінде «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың КӨШБАСШЫСЫ» жобасы ПЕПФАР қолдайтын Шығыс Қазақстан және Павлодар өңірлеріндегі медицина қызметкерлері үшін оқыту жүргізді және жалған нанымдарды жеңіп, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қоса алғанда, барлығына құқықтарын бұзбай медициналық қызметтер көрсетуге көмектесу үшін медициналық ЖОО студенттеріне арналған модульдер әзірледі.

###

АҚШ үкіметі USAID арқылы АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күресу жөніндегі төтенше жоспары аясында қаржыландырылатын Қазақстандағы АИТВ-мен күресу жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.  USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализатор. Толық ақпарат https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтында және https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia Facebook парақшасында берілген.

АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күресу жөніндегі төтенше жоспары (PEPFAR) – АҚШ үкіметінің АИТВ/ЖИТС эпидемиясын бақылау жөніндегі жаһандық бастамасы. Бұл бір мемлекет бір аурумен күресу бойынша өзіне алған ең үлкен міндеттеме. Орталық Азияда PEPFAR АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мәртебесі туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызы бар емнің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға қаржылық және техникалық көмек көрсетеді.

###