USAID қаржыландыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы үшінші жыл сайынғы Медиасауат эдьютонын өткізеді 

Ақпан 08, 2022, Нұр-Сұлтан, Қазақстан –  USAID қаржыландыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы 2022 жылғы 8-12 ақпанда медиа және цифрлы сауат бойынша MediaCAMP Эдьютон 2022 үшінші инновациялық семинарын өткізеді. Орталық Азия мен басқа да елдердің университет оқытушылары, мектеп мұғалімдері, медиатренерлер, медиа және цифрлы сауат бойынша сарапшылары аймақта медиасауат ілгерілеті үшін осы онлайн-іс шараға жиналады. Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 30 қатысушы 5 күн бойы жаңа машықтар үйреніп, тәлімгерлерінің қолдауымен медиасауат бойынша жобаларын әзірлейді.

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) аймақтық миссиясының директоры Лоренс Харди кіріспе сөзінде: «Шындықты өтіріктен айыра білетін ақпараттанған азаматтық қоғам — жалған ақпараттың таралуына қарсы күрестегі ең маңызды құралдың бірі» деді. Ол айтқандай: «Медиасауат арттыруға арналған осы Эдьютон сияқты бастамалар арқылы сіздер, яғни тренерлер мен педагогтар, шәкірттеріңізге оң ықпал етіп, оларды медианың талғампаз тұтынушысына айналдыру үшін сыни пайымды дамытуға жағдай жасаймыз».

Биылғы Эдьютон медиасауат ілгерілетуге креатив формаларды пайдалану, соның ішінде медиасауат машықтарын өнер арқылы танытуға ден қояды. Сарапшылар медиасауат оқыту және аудиторияны тартатын контент жасау үшін жарнама, киносауат, ойындар мен визуализацияны талқылайды. Медиасауатқа қызығатындар үшін MediaCAMP ашық сессиялар өткізеді. Ашық сессиялар Қазақстандағы Internews өкілдігінің Facebook-парақшасынан 8-9 ақпанда көрсетіледі. Сессияда жарнама тілі мен киносауат тақырыптары талқыланады. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемені ашыңыз.

«Бұл Эдьютонда медиасауат сарапшылары тартымды, заманауи және объективті контентке деген толассыз сұраныстарға жауап береді, деп үміттенеміз. Эдьютонда қандай инновациялық әрі шығармашылық жобалар пайда болатынын тезірек көргіміз келеді», — деді Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев.

Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы Эдьютонда әзірленген ең перспективалы жобаларды 2022 жылы ары қарай жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетеді.

###

Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews іске асырады. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл жастар мен егде буынның идеялар алмасып, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын негізгі қозғаушы күш.

Орталық Азиядағы USAID сайты және Орталық Азиядағы USAID Facebook-парақшасында қосымша ақпарат бар.

###