Mамандарға білім беру бойынша сарапшы Тимоти Лоренс Қазақстанға келуді жоспарлайды

Америка Құрама Штаттарының  Елшілігі SkillsUSA ұйымының атқарушы директорі Тимоти Лоренстің АҚШ спикерлері бағдарламасы бойынша 29 қырқүйек пен 7 қазан аралығында Казақстанға келуі туралы хабарлауды өзіне мәртебе санайды. SkillsUSA Американы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін құрылған студенттердің, мұғалімдердің және өнеркәсіп өкілдерінің серіктестігі.  Бұл ұйым 320-дан астам техникалық, кәсіби және қызмет көрсету салаларындағы оқу-ағарту бағдарламаларына қатысатын жоғарғы, кәсіптік және техникалық оқу орындарының студенттеріне қызмет көрсетеді.  Лоренс мырза Ұлттық Кауіпсіздік Кенесінің  Жастар бөлімінде, «Мас түрде көлік жүргізуге қарсы шыққан студенттер» бағдарламасында және Кәсіптік Шеберлікті Стандарттау Кеңесінде жұмыс атқарады. Oл 1983 жылы Ұлттық  Сауда және Кәсіптік Білім беру бойынша Жыл Мұғалімі болып аталды.

Лоренс мырза жоғары білікті мамандарға дүниежүзілік қажеттілік, кәсіптік және техникалық оқу саласындағы әкімшілік жұмыстарын оңтайландыру, құрылыс, қуат және қуатпен қамтамасыз ету, өндіріс, көлік және басқа кәсіби салаларындағы мамандарды даярлау бойынша Астана, Алматы, Өскемен, Семей және Екібастұз қалаларында сөз сойлейді.  

Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен және жалпы қоғам мүшелерімен келесі уақыттарда кездесе алады:

            29 қыркүйекте сағат  17:30 – Өскемен қаласындағы  Америкалық бұрышында

            4 қазанда сағат 14:30 – Астана қаласындағы  Америкалық бұрышында

            7 қазанда сағат 17:00 – Aлматы қаласындағы  Америкалық бұрышында

Қосымша ақпарат және баспасөз туралы сұрақтарға жауап алу үшін АҚШ Жұртшылықпен байланыс бөліміне 70 22 16 or 70 24 15 телефондар арқылы хабарласуыңызға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін this page сайтын ашуыңызды сұраймыз.