Flag

An official website of the United States government

АҚШ Сауда Мин-лігі мен ҚР Ресми Тұлғалары АҚШ Сауда Палатасының Қазақстандағы Іскерлік Делегациясын Қарсы Алды
2 Хаттаманы оқу
Маусым 9, 2023

АҚШ Сауда Мин-лігі мен ҚР Ресми Тұлғалары АҚШ Сауда Палатасының Қазақстандағы Іскерлік Делегациясын Қарсы Алды

Вашингтон – 2023 жылдың 6-8 маусым күндері АҚШ Сауда палатасының АҚШ-Қазақстан Іскерлік Кеңесі өзінің алғашқы делегациясын АҚШ Сауда министрлігі куәландырған Сауда Миссиясы қатарында Қазақстанның Алматы және Астана қалаларына әкелді. 2022 жылдың қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-Қазақстан инвесторларымен өткен дөңгелек үстел кезінде осы іскерлік делегацияны Қазақстанға шақырған болатын. Сонымен қатар, Сауда Миссиясы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің 2023 жылғы ақпанда Астанаға жасаған сапарының жалғасы болып табылады.

Іскерлік делегация құрамына АҚШ-Қазақстан саудасы мен инвестицияларын нығайту және америкалық компанияларға Қазақстанның реформалар аясында алға қойған стратегиялық жобаларын жүзеге асыруға көмектесу үшін Қазақстан үкіметімен консультацияларға қатысқан 20-дан астам америкалық компаниялар енген.

Америкалық компаниялар Қазақстандағы 40 миллиард доллардан астам инвестициясы бар ең ірі жеке сектор инвесторларының қатарында, ал екіжақты сауда 2022 жылы шамамен 4 миллиард долларға жеткен. Делегация технология, ауыл шаруашылығы, авиация, инфрақұрылым және тау-кен өнеркәсібі сияқты салаларда Қазақстан экономикасын әртараптандыруға көмектесу үшін екіжақты энергетикалық серіктестікті негізге алады.

«Еуропадағы соғыс, жаһандық жеткізу тізбегі, энергияға/азық-түлікке деген сұраныс пен дүние жүзіндегі жоғары инфляциялық қысым жағдайында АҚШ пен Қазақстанның экономикалық және сауда ынтымақтастығының аймақтық және жаһандық шешімдерге үлес қосуда императиві зор», – деді АҚШ Сауда Палатасының халықаралық мүшелерімен қарым-қатынас және Таяу Шығыс және Түркия бойынша аға вице-президенті Хуш Чокси. 

«АҚШ іскерлік қауымдастығы Қазақстанның экономикасын әртараптандыруды, аймақтық интеграцияны ілгерілетуге және реформаларды жалғастыру, әсіресе жүргізіліп жатқан салық реформалары бойынша бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастықты ынталандырғысы келеді», – деді Дженнифер Мил, АҚШ-Қазақстан Іскерлік кеңесінің атқарушы директоры.

Бұл Сауда Миссиясы Америка Құрама Штаттарының Қазақстанмен екіжақты сауданы және бизнесті дамытуды нығайтуға деген міндеттемесін растайды», – деді Дэвид Де Фалько, АҚШ Сауда министрлігі Халықаралық сауда әкімшілігі хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісінің орынбасары. «АҚШ пен біздің қазақстандық серіктестер ортақ экономикалық басымдықтарымыз бойынша ынтымақтастықты ілгерілетуге және аймақтағы инклюзивті экономикалық өсуді одан әрі арттыруға ынталы».

Іскерлік миссия АҚШ-Қазақстан Іскерлік Кеңесінің төрағасы Chevron және басқарманың мүшесі Citi қолдауының арқасында жүзеге асты. Делегация Астанада президент Тоқаевтың Шетелдік инвестициялар жөніндегі кеңесінің отырысы, Астана халықаралық форумы және АХҚО ұйымдастыруымен Astana Finance Days сияқты үш маңызды іс-шараға қатысты.

АҚШ Сауда палатасы жанындағы АҚШ-Қазақстан Іскерлік Кеңесі 2020 жылы Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық және коммерциялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған.