Flag

An official website of the United States government

Маңызды ақпарат

Төлем әдістері мен қосымша ақпарат

Төлқұжат қызметтері үшін ақы Елшілік/Консулдық кассасында сұхбатқа келген күні төленеді. Төлемдерді АҚШ долларымен немесе негізгі дебеттік/несиелік картамен төлеуге болады.

Сұхбат пен мекен жайларымыз

Консулдық бөлімге барар алдында қабылдауға жазылуыңызды сұраймыз.

Астанадағы АҚШ елшілігі

Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, №3.

Астана, Қазақстан, 010010

Телефон: +7 (7172) 70-21-00

Факс: +7 (7172) 54-09-14

Астанада қабылдауға жазылыңыз     

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы 

Самал-2, Жолдасбеков көшесі, 97

Алматы, Қазақстан, 050051

Тел: +7 (727) 250-48-02

Алматыда қабылдауға жазылыңыз

Қауіпсіздік ақпараты

Елшіліктің кіреберісінде қауіпсіздік тексеруден өту үшін сұхбатқа 15 минут бұрын келуді сұраймыз.

Келген кезде күзетшілерге американдық азаматтарға қызмет көрсету бөлімімен кездесуіңіз бар екенін хабарлаңыз. Сізден фотосуреті бар төлқұжатты көрсетуіңіз талап етіледі.

Біздің күзетшілер заттарыңызды тексереді. Елшілікке камералар, ұялы телефондар және басқа да электронды құрылғылармен кіруге болмайды.

Консулдық күзетшілеріне ноутбуктерді немесе басқа да үлкен электронды құрылғыларды сақтауға рұқсат етілмейді. Кездесуге ноутбук немесе басқа үлкен электронды құрылғыларды алып келмеңіз.

Арнайы қызметтер

Сұхбатқа келер алдында қандайда бір көмек қажет жағдайда бізбен алдын ала хабарласуға кеңес береміз. Біз мүгедектер мен медициналық жағдайы бар адамдарға керекті жағдай жасауға бар күшімізді саламыз. Ғимараттарымызға кедергісіз кіру мүмкіндігі  әр түрлі жағдайларға және адамның қажеттіліктеріне байланысты өзгереді.

Мүгедектерге қолжетімді жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Медициналық жағдайыңызға немесе мүгедектікке байланысты жеке сұхбатты қажет етсеңіз, сұхбатыңызға келуіңіз үшін балама уақытты белгілей аламыз.
  • Егер сізде немесе сіздің балаңызды алаңдатпайтын тыныш жерде жеке кездесуді қажет ететін ерекше қажеттіліктер болса, біз сізге немесе сіздің отбасыңызға сұхбатқа келуге баламалы уақытты белгілей аламыз.
  • Егер сіз сөйлей алмасаңыз, сізге қалам мен қағазды пайдалану сияқты келісілген вербалды емес түрде сұрақтарға жауап беру рұқсат етілуі мүмкін.
  • Егер сіз саңырау немесе нашар еститін болсаңыз, қажет болған жағдайда сұхбат кезінде аудару үшін сурдоаудармашыны алып келе аласыз.
  • Егер сіздің көру қабілетіңіз төмен болса, біз сізге үлкен әріптермен жазылған ақпаратты бере аламыз.

Медициналық жағдайға, соның ішінде туа біткен ақауларға, физикалық деформацияларға, тері жағдайларына байланысты саусақ іздерін тапсыра алмасаңыз, белгілі бір саусақтар үшін саусақтар ізін тапсырмауға мүмкіндігі бар .

  • Сұхбатсыз виза төтенше жағдайларда ғана беріледі, мысалы, санитарлық авиацияда ұшуды қажет ететін медициналық жағдай.

Консулдық бөлімнің күту залы мен дәретханалары мүгедектер арбасымен кіруге барлық жағдайлары жасалған.