АҚШ елшілігі Қазақстандағы экологиялық жобаларды қолдайды

Сурет: Павлодар, Ертіс өзенінің жағалауы
Сурет: Павлодар, Ертіс өзенінің жағалауы

Орталық Азиядағы шағын гранттар мен климаттық гранттар бағдарламасы аясында Астанадағы АҚШ Елшілігінің Аймақтық қоршаған орта, ғылым, технология және денсаулық сақтау бөлімі қаржыландыратын Су ресурсын басқару және климаттың өзгеруі жобалары іске қосылды.

«Экологиялық технологиялардың құзыретті орталығы» корпоративтік қоры ағынды суларды Ертіс өзеніне көлемді түрде қайтару мақсатында Павлодарда «Су шаруашылығын практикалық жүзеге асыру тұжырымдамасы» жобасын жүзеге асырмақ.

Павлодардың Солтүстік индустриялық аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындар өздерінің технологиялық қажеттіліктері үшін жыл сайын Ертіс өзенінен 20 миллион текше метрден астам су алады. Алдағы жылдары бірнеше жаңа кәсіпорындарды салып, іске қосу жоспарлануда, ол жағдайда, көрсеткіш жылына 30 миллион тоннаға дейін жетеді. Сонымен қатар, өзен суы қайтарымсыз алынады, өйткені кәсіпорындардың ағынды сулары өнеркәсіптік резервуарларға құйылады және атмосфераға буланады. Осы жоба аясында Экологиялық технологиялардың құзіреттілік орталығы осы мәселені шешудің тұжырымдамасын әзірлеуге тырысады.

Екінші «Жаңартылатын энергия көздерінің климаттық және экологиялық саясаты» атты жоба климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге арналған.

Қазақстан көмір инфрақұрылымына қатты тәуелді, бірақ парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ұмтылады.

«Климаттың өзгеруін үйлестіру орталығы» қоғамдық қоры энергетика, қоршаған орта және климаттық саясатты түгендеуге және климаттық іс-қимыл үшін ғана емес, сонымен қатар экономикалық реформалар үшін де күрделі заманауи үлгілерді әзірлеу арқылы қолдау көрсетілетін әлеуетті синергияларды түсінуге тырысады.  Жоба, сонымен қатар, климаттық саясат мәселелерін кең аудитория мен сарапшыларға түсіндіруге, сондай-ақ осы салада жаңа сарапшыларды дайындауға бағытталған.