Flag

An official website of the United States government

2 Хаттаманы оқу
Желтоқсан 1, 2023

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні, 2023 жылдың 1 желтоқсаны

АҚШ 35-ші Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін атап өтеді және Қазақстан қоғамдастығының АИТВ-мен күресудегі маңызды рөлін ерекше көрсетеді  

АЛМАТЫ, Қазақстан, 2023 ж. 1 желтоқсаны – Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрестің 35-ші күнін мерекелеуде Қазақстанға, оның серіктестеріне және бүкіл әлем халқына қосылуға қуанышты. Бүгін бізге АИТВ қоғамдастығының күші, қажырлығы мен әртүрлілігіне құрмет көрсету, АИТВ/ЖИТС-пен күресуде өмірден өшкендерді еске алу мүмкіндігі берілді.

АҚШ үкіметі жариялаған 2023 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы – «35-ші Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні: Есте сақтаймыз және міндеттенеміз». Бұл тақырып АИТВ-мен байланысты стигматизацияны жоюға арналған жаһандық күрес туралы еске салады, біз жоғалтқандарға құрмет білдіру мүмкіндігін береді және АИТВ қоғамдық денсаулыққа қауіп төндірмейтін күнге жету ниетімен жұмысты жалғастыруға шақырады. АҚШ үкіметі АИТВ індетіне қарсы іс-қимылдағы қоғамдастықтардың маңызды рөлін мемлекеттік деңгейде атап көрсететін Қазақстандағы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» тақырыбын қолдайды. Америка Құрама Штаттары АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, науқастарды емдеу және күту бойынша сапалы қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған АҚШ Президентінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі төтенше жоспарының (PEPFAR) шеңберінде Қазақстанмен жиырма жыл бойы ынтымақтасып келеді. 2023 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін мерекелеу аясында АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі АИТВ-ға қарсы ұлттық бағдарлама шеңберінде және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінде теңдік пен әділеттілікті нығайту, кеңейту және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметінің саяси, бағдарламалық және қаржылық көшбасшылығына қолдау көрсетуге өзінің бейілділігін растайды. Қоғамның назарын осы маңызды мәселеге аудару мақсатында бүгін Астанадағы АҚШ елшілігі қызыл түспен жарықтандырылады.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия АИТВ жұқтыру жағдайлары көбейіп келе жатқан әлемнің санаулы бөліктерінің бірі болып табылады. 2010 жылдан бері бұл аймақта жаңадан АИТВ жұқтыру жағдайларының саны 48 пайызға артқан. Бағалау бойынша Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 40 000 жуық адам бар. Ең көп тәуекелге ұшырайтын халық топтары сондай-ақ стигматизация мен кемсітушіліктен туындайтын кедергілерден тепе-теңсіз зардап шегеді, бұл АИТВ/ЖИТС-ке қатысты негізгі қызметтерге қол жеткізудегі теңсіздікке әкеледі.

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның АИТВ/ЖИТС пандемиясымен күресу үшін денсаулық сақтау мекемелері мен қоғамдық ұйымдарда медициналық қызметтерді көрсетуді қолдау деген кешенді тәсілді қабылдауын қолдауға қуанышты. Жүйелік кедергілерді жою үшін АҚШ үкіметі адамдарға өздеріне ыңғайлы жерде және уақытта АИТВ-ға тестілеуден өтуге мүмкіндік беретін АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу сияқты инновациялық тәсілдер арқылы АИТВ/ЖИТС-пен күресудегі өзінің күш-жігерінің әділдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанмен бірге жұмыс істейді. Бұған қоса, АҚШ АИТВ жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендететін инфекция алды профилактиканың (PrEP) қолжетімділігін жетілдіруді қолдайтын серіктес болып табылады.

PEPFAR – АИТВ/ЖИТС пандемиясының ауқымын азайту және оны бақылау жөніндегі АҚШ үкіметінің бастамасы және тарихтағы бір ауруға қарсы күрестегі кез келген елдің ең үлкен міндеттемесі. Қазақстанда PEPFAR-ды АҚШ Халықаралық даму агенттігі мен Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары жүзеге асырады. ЮНЭЙДС деректері бойынша, PEPFAR бағдарламасы бүкіл әлемдегі ЖИТС-тен өлім-жітімнің 2004 жылғы ең үдемелі кезінен 64 пайызға төмендеуіне, ал дүниежүзіндегі жаңа АИТВ жұқтыру жағдайлары санының 52 пайызға азаюына ықпал етті.

Қосымша ақпаратты www.pepfar.gov сайтында алуға болады және Twitter, Facebook пен Instagram-дағы PEPFAR парақшаларына жазылыңыздар.