«Бейбітшілік корпусы» («Peace Corps») ұйымы 60 жылдығын атап өтуде.

1 наурызда АҚШ Бейбітшілік корпусының құрылғанына 60 жыл толады.

Қазақстанда «Бейбітшілік корпусы» бағдарламасы 1993 жылдан 2011 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде жобалармен 1120-ға жуық америка тұрғыны қоғам үшін жұмыс істей отырып, Қазақстанда волонтерлер ретінде қызмет атқарды.

Бейбітшілік корпусы – бұл АҚШ үкіметінің басқа елдерге халықаралық әлеуметтік-экономикалық көмек көрсетуге бағытталған ерікті бағдарламасы. Бағдарламаны президент Джон Ф. Кеннеди 1961 жылғы наурызда құрды.