АҚШ «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды

24 ақпан күні Астана қаласында АҚШ мемлекетінің халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне қатысуы туралы келісімге салтанатты қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа АҚШ павильонының комиссары Джордж Крол мырза мен «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы басқарма басшысы Ахметжан Есімов қол қойды. «EXPO-2017» американдық павильонының комиссары мәлімдегендей, АҚШ келісімге қол қоя, EXPO көрмесіне қатысу жұмыстарын белсенді бастайды.

«EXPO-2017» АҚШ павильонының комиссары Джордж Крол: “  «Халықаралық EXPO-2017» көрмесінде АҚШ-ның қатысуын шабыттана күтеміз. «Болашақ энергиясы» тақырыбы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаспен іспеттес. Келесі кезекте бізді американдық компаниялар ‘таусылмас’ құатын қолданудың технологиялық жаңалықтарын ортаға салып, көрсететін павильонның дизайнын жасау бойынша көптеген  жұмыстар күтіп тұр”.

Астанадағы «EXPO-2017» көрмесінде АҚШ павильонынына жауапты «USA Pavilion» компаниясы.

 

###