Flag

An official website of the United States government

Құрама Штаттар мен Қазақстан аймақтық энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуда
2 Хаттаманы оқу
Ақпан 25, 2021

USAID

2021 жылғы 25 ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан – Бүгінгі таңда АҚШ үкіметі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесе Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы бюджеті 39 миллион АҚШ долларын құрайтын бес жылдық жаңа «USAID Орталық Азия энергетикасы» аймақтық энергетикалық бағдарламасын іске қосты.

Бағдарлама Орталық Азиядағы бес елге, атап айтқанда Қазақстанға, Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға, Түркіменстан мен Өзбекстанға өздерінің энергетикалық басымдылықтарына қол жеткізуге, энергия ресурстарының трансшекаралық сауда-саттығынан экономикалық пайда алуға, аймақтық байланысты көбейту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға Көмектеседі.

Виртуалды рәсімге Қазақстан Республикасының Вице-министрі Қайрат Рахымов пен USAID аймақтық миссиясы директорының міндеттерін атқарушы Питер Янг қатысты.

«Осы жылы Құрама Штаттар Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толуын атап өтпек. Біз энергетикалық секторды жақсарту есебінен экономикалық пайда әкелу үшін арадағы мықты серіктестік қарым-қатынасымызды бұдан әрі дамытамыз деп сенемін» – деді іс-шара барысында Питер Янг.

Орталық Азия елдері жаңартылатын энергия көздеріне бай, олардың энергетикалық тиімділікті арттыру мүмкіндіктері мол, сонымен қатар аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге деген негізі де, ықыласы да жетерлік.

USAID жаңа бағдарлама арқылы аймақ елдеріне, коммуналдық кәсіпорындарға және басқа да мүдделі тұлғаларға, солардың ішінде халықаралық даму мекемелері мен ұйымдарға, жүйелік операторларға, жергілікті халықаралық инвесторлар мен энергетикалық компанияларға техникалық қолдау көрсетеді. USAID ұлттық және аймақтық энергетикалық нарықтар реформаларын қолдайды, аймақтық электр энергиясы нарығын нығайтып, дәстүрлі және жаңартылатын көздерден алынатын таза энергетикалық технологияларды кеңінен ендіруге жәрдемдеседі.

Соңғы он жылдықта USAID Орталық Азия елдерінде экономикалық тұрғыдан өмірге бейімді аймақтық нарықтық энергия жүйелерінің іргетасын қалауда маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар USAID жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, энергия тиімділігін арттыруды, электр энергетикалық секторды цифрландыруды және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нормативтік-құқықтық базаны нығайтты. «Орталық Азия энергетикасы» бағдарламасы аясында жергілікті мамандардың әлеуетін арттыру, ықтымақтастыққа көмектесу және жеке сектор үшін нарықтық шешімдерді қолдау мақсатында жергілікті және аймақтық серіктестермен қатар жұмыс істейтін болады.

###

USAID бұл әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелерінің көзі болып табылады. Қосымша ақпаратпен USAID-тың: https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтынан және Facebook: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia парақшасынан таныса аласыздар.

###