АҚШ үкіметі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске қосымша 2,4 миллион доллар бөлетіндігі жөнінде жариялады

18 қазан 2021 жыл

Бүгін АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға Covid-19 індетіне қарсы күресте көмек көрсету мақсатымен 2,4 миллион АҚШ долларын бөлу туралы жариялады. Аталған көмек нақты деректер негізінде вакциналарды енгізу бойынша шешімдер қабылдауға, вакциналар туралы жалған ақпаратқа ден қою бойынша жергілікті әлеуетті дамытуға, COVID-19 нақтылауды жүзеге асыру үшін зертханалық жүйелерді жетілдіруге, сондай-ақ, Қазақстанның вакциналарды пайдалануға дайындығын арттыруға және оларды жеткізу процедураларын жетілдіруге ықпал ететін болады.

Бұл көмек пандемия басталғаннан бері Covid-19 індетіне қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға жіберілген 6,8 миллион АҚШ долларынан астам мөлшердегі қаржыландыруды толықтыратын болады. Бүгінгі таңда USAID 5000 астам медицина қызметкеріне COVID-19 індетіне байланысты тақырыптар бойынша, соның ішінде аурудың алдын-алу және бақылау, сонымен қатар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері бойынша оқытуды ұйымдастырды. Өз қызметінде USAID халықтың хабардарлығын арттыру және жалған ақпаратпен күресу үшін белсенді топтарды жұмылдыру арқылы 8,2 миллионнан астам адамды қамтыды.

Осындай күш-жігер жұмсаудың негізінде АҚШ өмірді құтқару бойынша ондаған жылдар бойғы еңбек және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыстарды еңсерудегі жетекші рөлі жатыр. Соңғы 60 жыл барысында USAID миллиондаған адамның өмірін Эбола, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, безгек және қазір COVID-19 сияқты аурулардан құтқаруға көмектесті.

Аурулар шекараны еңсермейді. АҚШ Қазақстанмен бірлесе отырып COVID-19 пандемиясын тоқтату, оның жойқын әлеуметтік және экономикалық салдарын жеңілдету және болашақта аурудың өршуіне қарсы тұруда одан да бетер дайын әлем құру үшін ынтымақтасуға міндеттенеді.

Биыл АҚШ Өкілдігі Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтуде. Екі онжылдықтан астам уақыт барысында АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар, соның ішінде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС алдын алу және емдеу сияқты салалардағы денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлді.

###

Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы USAID бағдарламалары туралы көбірек білу үшін біздің веб-сайтымызға және Facebook желісіндегі парақшамызға кіріңіз.

###